Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа райы Атлантикалық циклонның онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты болады. Соған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел 30 м/с және одан жоғары күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20, күндіз 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.