Kyzylorda-news.kz. 22 сәуір, жұма күні ел аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады және атмосфералық фронттар өз әсерін сақтайды, деп хабарлайды Қазгидромет.
Осыған байланысты жаңбыр жауады. Елдің шығысында – қатты жауын-шашын жауса, солтүстігінде, солтүстік-батысында – жаңбырдың соңы қарға ұласады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте – көктайғақ, солтүстікте, батыста – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – найзағай жарқылдайды.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
