Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 2 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Түске дейінгі қатты асығыс боласыз. Асығыстық танытып, мәселе туындатып алмаңыз. Негізі барлығын уақыт еншісіне қалдырғаныңыз жөн. 

Торпақ

Бүгін біраз уақыттан бері жиналған жұмыстарды тез арада бітіруге тура келеді. Бірақ тапсырманы тиянақты атқарып, өзіңіздің қабілетіңізді көрсете аласыз.

Егіздер

Жиындарда, отырыстарда өзіңізді еркін ұстап, керемет көңіл-күйде боласыз. Осы кездесулерден жаңа таныстар тауып, олардың сізге пайдасы тиетін болады. \

Шаян

Сізді жаңа өмір күтіп тұр. Жеке кәсіпте табысыңыз артады, шығармашылығыңыз шыңдала түседі. Жалпы, бүгін жұлдызыңыз жанады.

Арыстан

Жұлдыздар материалдық жағдайыңызды жақсартуға, өмір сүру салтыңызды жоғары деңгейге жеткізуге күш-қуат береді. Өзіңізге деген сенімділігіңіз артады.

Бикеш

Бүгінгі күн сәтті болмақ. Мол табысқа кенелесіз. Әсіресе топ болып жұмыс жасайтындардың айы оңынан туады. Бүгінгі басты қағида – ұстамды болу.

Таразы

Бүгін ішкі түйсікке жүгінгеніңіз жөн. Сонда ғана біраз мәселенің алдын аласыз. Сондай-ақ барлық жұмыста белсенділік танытып, оң шешім табуға атсалысады.

Сарышаян

Күніңіз сәтті өтеді. Оған себеп, күш-қуатыңыздың мол болуы, өз ісіңізден ләззат ала білуіңіз. Бүгін сіз келешегі зор, қызықты жұмыс табасыз.

Мерген

Қызықты идеяларыңызбен басшылықтың көзіне түсесіз. Жаңа жобаларды қолға алып, абыройыңызды арттыра түсесіз.

Тауешкі

Өмірдің жаңа баспалдағын аттайсыз. Өзіңіздің жоспарларыңызды жүзеге асырып, белсенділік танытатын уақыт. Болашағы зор жұмысқа орналасуға қолайлы күн.

Суқұйғыш

Қазіргі уақыт денсаулыққа мән беріп, ем қабылдауды бастауға болады. Біраз уақытқа демалыс алсаңыз нұр үстіне нұр болмақ.

Балықтар

Бүгін сіз үшін қаржылық жағдайыңыз маңыздырақ. Біраз шығындаласыз. Бірақ бұл шығындар сіздің жан рахатыңыз үшін жұмсалады.

Тағы да оқыңыз: