**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)** **ақпараттық агенттігінің 19 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Бүгін мінезіңіз жібектей жұмсақ. Кейбір ашу шақыратын уақытта қойдан да жуас мінез танытасыз. Бұл мінезіңіз айналаңыздағыларға ұнайды. Әсіресе сүйікті адамыңызға ұнағаны соншалық, сізге қымбат тосынсый жасағалы тұр. **Торпақ** «Шыдамның да шегі бар» демекші, шыдамыңызды тауысқан жан болса, онда өз обалы өзіне болмақ. Ашу шақырып, айқайлап алсаңыз да болады. Себебі сіз бұған дейін оған өзіңізге жоламауды ескерткен болатынсыз. **Егіздер** Бүгін жүйкеңіз сыр береді. Сырқаттанып қалмас үшін эмоцияға ерік беріңіз. Ашу-ызаны іште сақтап қалмаңыз. «Ауруын жасырған өледі» демекші, іштегі «дауылды» сыртқа шығарып, өзіңіз жеңілдеп қалыңыз. **Шаян** Бүгінгі жағдайлар, орын алып жатқан оқиғалар бақылауыңыздан шыққан болса, көмек көрсететін жан табылады. Ол барлық мәселені шешуге, қиындықтардың алдын алуға көмектеседі. **Арыстан** Бүгін сүйіктіңіз сіздің не ойлағаныңызды білмей дал болады. Себебі сіздің бүгінгі жүріс-тұрысыңыз жұмбақ. Тіпті айтар ойларыңызды да астарлап жеткізуге тырысасыз. **Бикеш** Бүгін ақпарат ағыны толассыз болмақ. Естіген жаңалықтарыңыздан соң, үй тірлігіне қолыңыз бармай, қиындық туындайды. Бұл қиындықтан құтылу үшін біліміңізді шыңдауға кірісіңіз. **Таразы** Қиялға берілмей, өмірге шынайы қарай біліңіз. сонда ғана арманыңыз шындыққа айналады. Сонымен қатар бүгін шағын кәсібіңізді кеңейтуге ұсыныс түседі. Бірақ ол үшін біраз тер төгуге тура келеді. **Сарышаян** Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Барлығы сіз ойлағаннан да жақсы болмақ. Мәселенің барлығы өз уақытында шешімін тауып, еш алаңдамайтын боласыз. Сонымен қатар сүйікті адамыңыздың көңілін табуға тырысыңыз. **Мерген** Бүгін өзіңізге ұнайтын іспен айналысасыз. Бұл іске әуестенгеніңіз сонша, жан-жағыңыздағы адамдарды да байқамайсыз. Ал бұл іс-әрекетіңіз көпшілікке ұнамауы мүмкін. **Тауешкі** Бүгін мақтауларға масаттанып, тәкаппарланып кетпеңіз. Әлдекімдер осы орайды өз мүддесіне пайдалануы мүмкін. Өзіңізді бірқалыпты ұстағаныңыз жөн. Сонда ғана өзгелерді мойындата аласыз. **Суқұйғыш** Не тілесеңіз де, барлығы орындалады. Тек ниетіңіз болса, барлық арманды орындауға болатынын естен шығармаңыз. Сонымен қатар бүгін ұнатпаған тағамды тұтынбағаныңыз жөн. **Балықтар** Бүгінгі жоспарыңыз тығыз орналасады. Уақыт тауып бір-екі жоспарды кейінге қалдырсаңыз болады. Ал қалған жоспарларыңыз барлығы оң нәтиже беретін болады.