[**Kyzylorda-news.kz**](https://kyzylorda-news.kz/) **ақпараттық агенттігінің 26 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Денсаулығыңызды күтіңіз. Әсіресе тісіңізге, буындарыңызды сақтаңыз. Бүгін ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніңіз жөн. **Торпақ** Салауатты өмір салтын сақтайтын болсаңыз денсаулығыңызға ешқандай қауіп жоқ. Таза ауада көп жүріңіз. **Егіздер** Өзге елдің мәдениетімен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігі бұйырып тұр. Көп ойланбай жолға шығыңыз. **Шаян** Қарбалас күн. Бойыңыздағы барлық күш-қуатты сарқып аласыз. Бұл жүйке жүйесіне де әсер етуі мүмкін. **Арыстан** Егер көптен бері демалыс алуды көздеп жүрсеңіз, бүгін ойланбастан өтінішіңізді жазып, жолға шығыңыз. Барлығы ойдағыдай болады. **Бикеш** Денсаулығыңыз сыр беріп, сырқаттанып қаласыз. Өзіңізді қамқорсыз қалған, керексіз жан ретінде сезінесіз. **Таразы** Бүгін қалатаңыздағы қаражатыңызға абай болыңыз. Көп шығынға ұшырау қаупі бар. Сондықтан ойланып әрекет етіңіз. **Сарышаян** Сары уайымға салына бермеңіз. Бұл өз денсаулығыңызға кері әсерін тигізетін болады. Сондықтан барынша жақсы ой ойлаңыз. **Мерген** Бүгін шығармашылықпен айналысуға қолайлы күн. Әсіресе әдеби кітаптар оқуға немесе толық зерттелген тақырып бойынша мақала дайындауға болады. , **Тауешкі** Бүгін материалдық жағдайыңыз жақсарады. Мол табысқа ие боласыз. Бұл қаржыға әдемі, әрі қажетті дүние сатып алатын боласыз. **Суқұйғыш** Күннен-күнге салмақ қосып жатырсыз. Ас қорыту мүшесінде қиындықтар туындайды. Тәбетіңізді тыйғаныңыз жөн. **Балықтар** Бүгін жаңа ілім алуды ойлайсыз. Бірақ одан пайда табамын деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Бүгін ақшаңызға сақ болыңыз. **Аударған Динара МАХАНОВА**