Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін ешбір іске күш салмайсыз, оқиғаны сырттай бақылап отырасыз. Ашықтығыңыз, шыншылдығыңызды бағалайтын жандар бар. Олар сізді барлық жағынан да қолдайтын болады.

Торпақ

Сәтті күн. Бұл күн пайдалы іспен айналысуға да, жай демалуға да қолайлы күн. Өзіңізге ұнайтын қызықты іспен айналысасыз. Кешке қарай көңіл көтеретін кештің қонағы боласыз.

Егіздер

Бүгін жаңа достар табасыз. Сонымен қатар алдағы уақытта өміріңіздің бір бөлшегіне айналатын жанды жолықтырасыз. Бүгін ірі көлемде сауда жасаудың қажеті жоқ.

Шаян

Айналаңызда болып жатқан жағдайларға қарамастан, сабырлық сақтап отырасыз. Бұл шешіміңіз өте дұрыс болмақ. Соның арқасында кикілжіңдерден бойды аулақ ұстайсыз, сондай-ақ арандатуларға жол бермейсіз.

Арыстан

Бүгін шаруа көп. Ең алдымен қайсысынан бастау қажет екенін реттеп алыңыз. Ойға түрлі жоспарлар келеді. Бірақ идеяларды дәл қазір жүзеге асырудың қажеті жоқ. Себебі олар әзірге табыс әкелмейді.

Бикеш

Күніңізді пайдалы іспен айналысуға жұмсаңыз. Әсіресе, қиын шаруаларды қолға алғаныңыз жөн. Жаңашылдыққа тез үйренесіз. Сонымен қатар көп ақпараттың ішінен өзіңізге қажеттісін ала аласыз. 

Таразы

Қызықты күн. Ішкі түйсігіңізге жүгіне отырып, ең қиын шаруаларды мойныңызға жүктейсіз. Өзгелер ала алмаған асуды бағындырасыз. Сіздің тың идеяларыңыз барлығына ұнайтын болады.

Сарышаян

Бүгінгі күн демалуға, күш-жігеріңізді қайта қалпына келтіруге қолайлы күн. Кейбір шаруаларды кейінге қалдырғаныңыз жөн. Алайда мұқият болыңыз. Түстен кейінгі уақытта туыстарыңыздың арасында боласыз.

Мерген

Қиын шаруалардың барлығы артта қалды. Енді тыныштықта демелатын боласыз. Көтеріңкі көңіл-күйде болыңыз. Бүгін көп күшті қажет ететін, маңызды шаруаларды, ірі жобаларды қолға алмаңыз.

Тауешкі

Жемісті күн. Таңертеңгілік айтарлықтай жоспарларыңыз болмаса да, біраз уақыттан соң айналысатын іс тауып аласыз. Бойыңызда күш-қуатыңыз көп. Сондықтан біраз шаруаны тындыратын боласыз.

Суқұйғыш

Кез келген пайдалы іспен айналысуға мүмкіндік бар. Ойлау қабілетіңіз жоғары, сондықтан қиын тапсырманың өзін оңай орындай аласыз. Сіз бүгін өз ортаңыздың көшбасшысысыз. Оны кез келген адам мойындайды.

Балықтар

Өзгелердің сізге сеніп тапсырған жұмысына бей-жай қарай алмайсыз. Бар ынтаңызбен көмек көрсетіп, қайырымдылық акцияларына атсалысасыз. Сонымен қатар әділеттілікке қол жеткізу үшін барыңызды саласыз.

Аударған Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: