[**Kyzylorda-news.kz**](https://kyzylorda-news.kz/) **ақпараттық агенттігінің 17 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Керемет күн. Өміріңіз жақсы арнаға қарай бұрылады. Барлығы өз қолыңызда, сондықтан тез шешім қабылдағаныңыз жөн. **Торпақ** Сіздің көзқарасыңызға ылғи күмән келтіретін жандар бүгін сөзіңізге сенетін болады. Тек сеніп қана қоймай өзгелерді де сендіретін болады. **Егіздер** Жұмысқа қатысты кездесулер жоғары деңгейде өтеді. Жұмыс, қажы жағдайы оң шешіледі. Түстен кейін жолға шығасыз. **Шаян** Күніңіз сәтті басталады. Жұмысты жақсы игеріп, қиын жағдайға душар болған жандарға көмек көрсетесіз. **Арыстан** Өзіңіз көздеген, нәтиже шығады деп үміттенген жобамен айналысасыз. Жұмысқа бар ынтаңызды салыңыз, сонда ғана мол табысқа кенелесіз. **Бикеш** Күніңіз сәтті басталады. Жұмысқа белсенділігіңіз артады. Жақындарыңызға маңызды сауалдарға бірге отырып жауап табасыз. **Таразы** Барлығы ойдағыдай болады. Бірақ сіздің көңіліңіз еш тоймайды. Қазіргі жағдайды ғана ойлаңыз. Болашақ туралы ойды кейінге қалдырыңыз. **Сарышаян** Ешкімге сенім артпаңыз. Айналаңыздағы адамдар сізді өз жолыңыздан адастыруы мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз. **Мерген** Тек өзіңізге сеніңіз. Ешкімнің арбауына түсіп қалмаңыз. Қызықты ұсыныстар жасап, сізді «қақпанға» түсіретіндер болады. **Тауешкі** Тез қимылдап үйреніңіз. Тез арада шешім қабылдау қажет жұмыстардың өзін атқаруда аздап қиналасыз. **Суқұйғыш** Уайымға салынбаңыз. Сонда ғана күніңіз сәтті өтеді. Ұсақ-түйек мәселені жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. **Балықтар** Маңызды шаруаларды кейінге қалдырыңыз. Оларды дәл қазір орындау сіз үшін қиынға соғады. Бүгін өткен күннің қателіктерін түзеңіз. **Аударған Динара МАХАНОВА**