Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

15.01.2020, 8:00

577 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 15 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Әр қадамыңызды ойланып басыңыз. Дұрыс шешімді өзгелердің тәжірибесіне қарап болжауға болмайды. Өздерінің нақты жоспарлары бар жандарға ғана бүгін сәттілік серік болады.  

Торпақ

Маңызды шаруаларды кейінге қалдырмаңыз. Оларды қаншалықты ерте қолға алсаңыз, соншалықты тез орындайсыз. Жаңа жобаларды тез игересіз. Өзіңізге қажетті дүниені тез үйренесіз.

Егіздер

Жаңа таныстарыңыздың бірі сіздің кеңпейілдігіңізді өз қызығушылығына немесе өз пайдасына жаратқысы келеді. Сондықтан сақ болыңыз. Ешкімнің арбауына түсіп қалмаңыз.

Шаян

Бүгін тау қопарардай күшіңіз бар. Өзгелерге де көмек көрсеткіңіз келеді. Бірақ сізден ешкім көмек сұрамайды. Сізді және жақындарыңызды уайымға салып жүрген мәселе өз шешімін табады.

Арыстан

Маңызды шаруаларды атқаруға және жаңа бастамаларды қолға алуға қолайлы күн. Ештеңені назарыңыздан тыс қалдырғыңыз келмейді. Айналаңыздағылар сізден үлгі алатын болады.

Бикеш

Жаңа іспен айналысқаныңыз жөн. Күнделікті шаруа сізді шаршататын болады. Өз қызығушылығыңызды тауып, сол істі қолға алыңыз. Өзіңізге қажет ілімді тез ұғып, оны өз пайдаңызға жаратасыз.

Таразы

Бүгін көп адаммен кездесесіз. Бұл іскерлік кездесу болуы да мүмкін. Не болмаса жиыналысқа қатысасыз. Ондағы адамдармен тез тіл табысып, алдағы жоспарларыңызбен бөлісетін боласыз.

Сарышаян

Сәтті күн. Жағымды тосынсыйлар күтіңіз. Барлығы сіз ойлағандай қиын емес, керісінше әлдеқайда оңай. Ол үшін өзгелерден көмек сұраңыз, олардың тәжірибелерін пайдаланып, жетістікке жетіңіз.

Мерген

Бүгін жұмыс көп, сондықтан күн тәртібі өте тығыз болады. Біраз уақыттан бері көздеп жүрген мақсатыңызға жету үшін құр қол отыруға болмайтынын жақсы білесіз.

Тауешкі

Керемет күн. Ештеңеге алаңдаудың қажеті жоқ. Өмірге риза болып, шын қуана біліңіз. Бұрын-соңды ешкім байқамаған талантыңыз ашылып, жұртты таңқалдырасыз.

Суқұйғыш

Түске дейінгі уақытыңыз жақсы өтеді. Уақытыңызды тиімді пайдаланасыз. Әр минутыңыз өз пайдасын әкелетін болады. Сондай-ақ бүгін қарсыластарыңызды шаң қаптыратын боласыз.

Балықтар

Назарыңызды өзіңізге қажетті ақпаратқа ғана тігіңіз. Ешкімге ашуланудың қажеті жоқ. Әсіресе жаныңыздағы жандарға бола ашу шақырмаңыз. Барлығымен жақсы қарым-қатынаста болу тек өзіңізге байланысты болмақ.

Аударған Динара МАХАНОВА

0

Пікір қалдыру