**Kyzylorda-news.kz** ақпараттық агенттігінің 18 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы. **Тоқты** Жақындарыңызбен, балалармен тіл табысуыңыз қиындап, кикілжіңдер туындайды. Отбасындағы мәселелерді ұшықтырмай, тез арада шешкеніңіз жөн. Жақындарыңыздың ойын тыңдаңыз. **Торпақ** Сізді алдағысы келетіндер көп. Сіз арқылы өзіне пайда көретіндер табылады. Сондықтан өзгелердің арбауына еріп кетпеңіз. Өзіңіздің ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз. **Егіздер **Бүгін өте ашулысыз. Жақындарыңызбен, ағайын-туыспен араларыңызда түсініспеушіліктер орын алып, жағдай қиындай түседі. Сіздің жайыңызды тек жақын досыңыз ғана түсіне алады. **Шаян** Бүгін сіз таныстарыңыздың қатарын көбейтесіз. Бірақ сақ болған жөн. Себебі  нақты шешім шағара алмайтындығыңыздан келіспеушіліктер орын алып, соңы қиындыққа әкеп соғады.   **Арыстан** Түске дейінгі уақытыңыз көңілді өтеді. Жаңа идеяларыңыз бен жоспарларыңызды жүзеге асыра бастайсыз. Оларды орындау барысында достарыңыз, туыстарыңыз көмек көрсетеді. **Бикеш** Денсаулығыңызды күтіңіз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Үй шаруасын тез арада бітіріп, отбасылық мәселелерді де тез арада шешуге тырысыңыз. **Таразы** Бүгін барлық адам сізге қарсы тұрғандай көрінеді. Бірақ жағдайдың соншалықты қиын емес екенін түсініңіз. Оңаша қалуға мүмкіндік болса, жалғыз отырып ойланыңыз. **Сарышаян** Өміріңізде өзгерістер орын алады. Жұмыс орнын немесе баспана ауыстырасыз. Не болмаса шаңырақ көтеруіңіз мүмкін. Жұмысыңызды жандандыруға көмек көрсететіндер табылады.   **Мерген** Көңіл-күйіңіз  көтеріңкі болмақ. Серіктестермен ойларыңыз бір жерден шығып, жұмысыңыз өрге домалайды. Дегенмен өзгелерге қызғанышпен қарамаңыз. Керісінше көмек көрсетуден қашпаңыз. **Тауешкі** Бұл белгідегі үлкен кісілер аздап сырқаттанып қалуы мүмкін. Сондықтан ауырмаудың амалын қарастыра беріңіз. Жеке өміріңізде де аздаған қиындықтар орын алады. **Суқұйғыш** Шығармашылықпен айналысатын жандар үшін бүгінгі күн сәтті болмақ. Мүмкін қызықты кездесулерге барасыз. Не болмаса тәжірибелі маманнан сабақ аласыз. Ең бастысы білім көкжиегін кеңейтесіз. **Балықтар** Бүгінгі күн жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Өміріңіздегі қиын кезеңдер артты қалды деп ойлай беріңіз. Бүгіннен бастап өміріңізде оң өзгерістер орын алады. Алдағы күндерге жоспар құырыңыз.