[**Kyzylorda-news.kz**](https://kyzylorda-news.kz/) **ақпараттық агенттігінің 12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Қиын күн. Әсіресе, саудагерлер және жолға шыққан адамдар үшін сәтсіз күн болмақ. Мүмкіндігіңіздің аз екенін байқайсыз. **Торпақ** Жұмысқа қатысты өзгерістер болмайды. Жаңа әдістер мәселе туындатып, шығынға ұшыратады. Ең дұрысы, үйреншікті іспен айналысыңыз. **Егіздер** Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзіңізге күш түсіретін іспен айналыспаңыз. Әйтпесе бүйрегіңізге зақым келтіріп аласыз. **Шаян** Күніңіз қарбалас өтсе де, сәтті болады. Тек жолда жүргенде сақ болыңыз. Себебі жарақат алу қаупі бар. **Арыстан** Бүгін романтикалық күн кештің иесі боласыз. Бүгін өз махаббатыңызды жолықтырасыз. Бақыттыңызды бағалай біліңіз. **Бикеш** Мазасыз күн. Күш-қуатыңызды қайта қалпына келтіру үшін біраз уақыт керек. Спортпен айналысыңыз. Зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстаңыз. **Таразы** Маңызды сұрақтарға жауап тапқыңыз келеді. Біраз шаруаны тындыруға болар еді. Бірақ жалқаулық басып тұр. **Сарышаян** Бүгін жалғыз қалмауға тырысыңыз. Себебі қорқынышты ойлар келіп, үрей бойыңызды билеп алады. Ең дұрысы, достармен кездесіңіз.  **Мерген** Бір басыңызға жетерлік мәселе бар. Олардың барлығын жалғыз өзіңіз шешетін боласыз. Бүгіннен бастап спортпен айналысыңыз. **Тауешкі** Бүгін ешкімнен қарыз алмаңыз. Әсіресе туысқандардан қарыз сұрамаңыз. Сондай-ақ бүгін жақындармен қарым-қатынастарды нығайтатын күн. **Суқұйғыш** Денсаулығыңыз сыр беріп жүр. Ұйқыңыз да тыныш емес. Бұған себеп, орын алып жатқан мәселелер мен зиянды әдеттер болуы мүмкін. **Балықтар** Ешкімге сенбеңіз. Тіпті таныстарыңызға да сенім артуға болмайды. Сіздің ақкөңілдігіңізді пайдаланатындар болады. **Аударған Динара МАХАНОВА**