Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 4 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Үйде отырғанды қаламайсыз. Көпшілік жерде достармен басқосуды ұйымдастырып, көңіл көтеретін боласыз.

Торпақ

Туыстан жақын ешкім жоқ. Сізге жанашырлық танытатын да солар. Тек солармен ғана көңілді кеш өткізе аласыз.

Егіздер

Бүгін мәселе де туындайды. Оның шешілуіне көмек көрсететін жаңа танысты да қоса жолдайды. Жаңашылдыққа бет бұрасыз.

Шаян

Барлық істі өз қолыңызға алғыңыз келеді. Тау қопарардай күшіңіз бар. Алайда барлық шаруаны өз мойныңызға ала бергеніңіз жөн емес.

Арыстан

Өте еңбекқорсыз. Қолыңыздан барлығы келеді. Берілген тапсырманы жауапкершілікпен атқара аласыз.

Бикеш

Әлдекім сізге тиісіп, мазаңызды қашырып жүр. Мүмкін бұл сізге ғашық жан болар. Сіз оның үмітін арттыра бермей, бірден жауап бергеніңіз жөн.

Таразы

Сұлулығыңызға тамсанатындар көп. Біраз адам сізге ғашық болып, өз ұсыныстарын да жасайтындар бар. Ал сіздің ойыңыз басқада. 

Сарышаян

Сезімдеріңізді жасырын ұстайсыз. Ешкіммен бөлісуді жөн көрмейсіз. Дегенмен ой бөлісетін, кеңес алатын жанға жолығыңыз.

Мерген

Қиын мәселе туындайды. Алайда оны елемеуге тырысасыз. Көңіл күйіңізді түсіргіңіз жоқ. Сізге жақындарыңыздың көмегі қажет.

Тауешкі

Қаржылық мәселеңіз қиындай түседі. Бұл жұмысқа енжарлық танытып, ақшаны босқа шашқанның салдарынан болуы мүмкін.

Суқұйғыш

Айналаңызда болып жатқан оқиғалар сізге ұнамайды. Бірақ еш алаңдамаңыз. Барлығы өз орнына келеді.

Балықтар

Бір құпияның сырын ашасыз. Бірақ оны басқаларға айтудың қажеті бар ма, жоқ па оны өзіңіз шешіңіз. Ешкімді ренжітіп алмаңыз.

Аударған Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: