**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)** **ақпараттық агенттігінің 17 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Қолдан келер іспен айналысыңыз. Аспандағы айға қол созудың қажеті жоқ. Үйде ұсақ-түйек істі атқарып, қаржылық мәселені біржақты етіңіз. Үйге зат сатып алудың немесе артық ақша жинаудың қажеті жоқ. **Торпақ** Бүгінгі күн махаббатыңызды мойындап, романтикалық кеш ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Балаларыңыздың тәрбиесіне мән беріп, көңіл бөліңіз. Жақындарыңыз бен сүйікті адамыңызға сыйлық жасап, көңілін аулаңыз. **Егіздер** Бүгін күн – демалыс. Сондықтан өзіңізге толық демалыс сыйлаңыз. Бассейнге барыңыз, массаж қабылдаңыз. Салқын су ағзаңызды жақсартып, денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді. Көптеген аурудың алдын алады.   **Шаян** Өзгелерден қулығыңызды асырамын деп ойламаңыз. Өйткені оның барлығы өзіңізге зиянын тигізуі мүмкін. Бұл сіздің беделіңізге сын болатынын жұлдыздар ескертеді. **Арыстан** Бүгін орын алатын оқиғалардың барлығы сізге оң әсерін тигізетін болады. Сіз бүгін лауазымды тұлғалардың немесе әріптестеріңіздің көмегіне жүгіне аласыз. Бірақ қолұшын созған жандарды ұмытпаңыз.   **Бикеш** Бүгін сіз шынайысыз. Сондай-ақ кез келген қиын тапсырманы оңай орындай аласыз. Достарыңызға көмек көрсетуден қашпаңыз. Бүгінгі күн жолға шығуға және ақпараттар легін жинауға қолайлы болмақ. **Таразы** Жұмыс барысында танысқан жандармен қолға алған істі жүзеге асыратын боласыз. Қызметіңізді жоғарылатуға немесе қаржылай қолдайтын жандардардан көмек алуға толық мүмкіндігіңіз бар. Тамақты талғап жеңіз. **Сарышаян** Бүгін ұсақ-түйек тірліктің барлығын бітіресіз. Сізді біреулер алдап соққысы келеді. Майда-шүйденің барлығына мән беріңіз. Тіпті қарызға берген ақшаның өзін санап алғаныңыз жөн. **Мерген** Әріптестеріңізбен және достарыңызбен дауласпаңыз. Бұл жақсы әдет емес. Бүгін өте ашушаң боласыз. Ол сөзіңізден де, ісіңізден де байқалады. Ұстамды болуға тырысыңыз. Сабырлылық танытыңыз. **Тауешкі** Бүгін күш-қуатыңыз мол. Белсенділік таныту өз пайдасын әкелмесе, зиянын тигізбейді. Көлік жүргізетін болсаңыз, жолда абай болыңыз. Бүгін сізге көбіне нәзікжандар көп көмегін тигізетін болады. **Суқұйғыш** Өз кемшіліктеріңізді ойлап бас қатырмаңыз, өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Әділеттілік және тектілігіңізді сақтаңыз. Сонда ғана жұмысыңыз да, жеке кәсібіңіз де алға қарай жылжиды. Бүгінгі күн жоба немесе жоспар құруға өте ыңғайлы. **Балықтар** Серіктестермен немесе басқа да кездесулер сіз үшін тиімді болмақ. Бұл кездесуге таянақты түрде дайындалар болсаңыз, көп жетістікке жетесіз. Айтар ойыңызды жинақтап, нақты нені ұсынатыныңызды алдын ала дайындап алыңыз.