Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 2 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Өзіңізге қымбат адамның назарын аудару үшін қолыңыздан келгеннің барлығын жасайсыз. Бұл әрекетіңіз текке кетпейді.

Торпақ

Бүгінгі күннің қалай өтетіндігі өзіңіздің көңіл күйіңізге байланысты. Бүгін айналаңыздағы адамдарды қуантуға асығып тұрасыз.

Егіздер

Демалуға мүмкіндік алсаңыз, көңіл күйіңізді көтеретін достарға хабарласыңыз. Біразы сзбен бірге мейрамды қарсы алуға дайын.

Шаян

Қай жерде болсаңыз да іспен айналысып жүресіз. Бір сәтке де жұмыссыз отыра алмайсыз. Алайда бойдағы энергияңызды тауысып алмаңыз.

Арыстан

Тәуекелге бел байлайтын күн. Үй шаруасына көп көңіл бөле алмайсыз. Жоспарыңыздағы шаруалар кейінге қалады.

Бикеш

Сізге көмек қажет. Алайда ешкімнен қолдау күткіңіз келмейді. Бірақ сізге қол ұшын созатын туыстарыңыз табылатынына сеніңіз.

Таразы

Бүгін өте ашулысыз. Өзіңізді басқа қырыңыздан көрсететін боласыз. Эмоцияға берілмеуге тырысыңыз. Өзіңізді басқара білгенде ғана ісіңіз алға басады.

Сарышаян

Өзіңізді ештеңеден шектемеңіз. Қалаған дүниеге қол жеткізуге болатынын естен шығармағаныңыз жөн. Сіз барлығына лайықсыз.

Мерген

Бауырларыңызға деген махаббатыңыз ерекше. Олардың бар жағдайын жасауға тырысасыз. Барлық жақындарыңызға көмек көрсетесіз.

Тауешкі

Бүгін қолыңыз босамайды. Бітіретін шаруаның тізімі ұзын-сонар десек артық айтқандық емес. Жоспар да аз емес.

Суқұйғыш

Сізге көңіл бөлетін жан бар. Барлық шаруаңызға көмектесіп, сіз үшін бәйек болады. Сіз бақытты екеніңізді ұмытпаңыз.

Балықтар

Маңызды мәселенің шешуін табатын кез келді. Егер бұл мәселе екінші жартыңызға қатысты болса, онда сіздердің махаббаттарыңыз беки түседі.

Аударған Динара МАХАНОВА

Тағы да оқыңыз: