[**Kyzylorda-news.kz**](https://kyzylorda-news.kz/) **ақпараттық агенттігінің 2 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Өзіңізге қымбат адамның назарын аудару үшін қолыңыздан келгеннің барлығын жасайсыз. Бұл әрекетіңіз текке кетпейді. **Торпақ** Бүгінгі күннің қалай өтетіндігі өзіңіздің көңіл күйіңізге байланысты. Бүгін айналаңыздағы адамдарды қуантуға асығып тұрасыз. **Егіздер** Демалуға мүмкіндік алсаңыз, көңіл күйіңізді көтеретін достарға хабарласыңыз. Біразы сзбен бірге мейрамды қарсы алуға дайын. **Шаян** Қай жерде болсаңыз да іспен айналысып жүресіз. Бір сәтке де жұмыссыз отыра алмайсыз. Алайда бойдағы энергияңызды тауысып алмаңыз. **Арыстан** Тәуекелге бел байлайтын күн. Үй шаруасына көп көңіл бөле алмайсыз. Жоспарыңыздағы шаруалар кейінге қалады. **Бикеш** Сізге көмек қажет. Алайда ешкімнен қолдау күткіңіз келмейді. Бірақ сізге қол ұшын созатын туыстарыңыз табылатынына сеніңіз. **Таразы** Бүгін өте ашулысыз. Өзіңізді басқа қырыңыздан көрсететін боласыз. Эмоцияға берілмеуге тырысыңыз. Өзіңізді басқара білгенде ғана ісіңіз алға басады. **Сарышаян** Өзіңізді ештеңеден шектемеңіз. Қалаған дүниеге қол жеткізуге болатынын естен шығармағаныңыз жөн. Сіз барлығына лайықсыз. **Мерген** Бауырларыңызға деген махаббатыңыз ерекше. Олардың бар жағдайын жасауға тырысасыз. Барлық жақындарыңызға көмек көрсетесіз. **Тауешкі** Бүгін қолыңыз босамайды. Бітіретін шаруаның тізімі ұзын-сонар десек артық айтқандық емес. Жоспар да аз емес. **Суқұйғыш** Сізге көңіл бөлетін жан бар. Барлық шаруаңызға көмектесіп, сіз үшін бәйек болады. Сіз бақытты екеніңізді ұмытпаңыз. **Балықтар** Маңызды мәселенің шешуін табатын кез келді. Егер бұл мәселе екінші жартыңызға қатысты болса, онда сіздердің махаббаттарыңыз беки түседі. **Аударған Динара МАХАНОВА**