Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 24 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Денсаулығыңызға абай болыңыз. Денеңізге күш түсіруден сақтаныңыз. Ауыр зат көтермегеніңіз жөн.

Торпақ

Күніңіз жақсы өтеді. Тек өмірге күлімдеп қарауды үйреніңіз. Сонда ғана өмірдің керемет екенін сезінесіз.

Егіздер

Кез келген істі қолға алуға қолайлы күн. Сонымен қатар бүгін ұйымдастырылған кездесулер де сәтті өтеді.

Шаян

Мақсатыңыз орындалмай қиналасыз. Жұмыстағы беделіңізді түсіріп алмауға тырысыңыз. Сонымен қатар ақшаға сақ болыңыз.

Арыстан

Ауыр, яғни денеңізге күш түсіретін жұмысты мойныңызға алмаңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз. 

Бикеш

Қаржылық жағдайыңызды жақсартасыз. Тек өзіңіздің іс-әрекетіңіз дұрыс екен деп ойласаңыз, қатты қателесесіз.  

Таразы

Отбасыңызбен бірге саяхатқа немесе жай серуенге шығыңыз. Олардың ойын біліп, армандарының орындалуына көмек көрсетіңіз.

Сарышаян

Жеке өміріңізге қатысты мәселелерде өзіңіздің ішкі түйсігіңіз көп көмектеседі. Барлығын ақылға салып шешіңіз.

Мерген

Қауіпті күн. Тым тәуекелшіл болмаңыз. Кейбір істе жолыңыз болмауы мүмкін. «Сақтансаң сақтаймын» дегенді естен шығармаңыз.

Тауешкі

Бүгін қызықты саяхатқа шығасыз. Не болмаса кездейсоқ таныстықтар орын алады. Сонымен қатар бүгін балаларға дауыс көтеріп сөйлемеңіз.

Суқұйғыш

Егер туған-туыстарыңыз «Кешке қонаққа барамыз» десе, оларды жылы қарсы алыңыз. Өйткені бұл кездесуде қажетті ақпараттарға қанық боласыз.

Балықтар

Күніңіз жақсы өтеді. Кейбір мәселелерге қатысты сұрақтарда заңгерлерден кеңес алғаныңыз жөн. Келіссөздер жүргізуіңіз мүмкін.

Тағы да оқыңыз: