Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 10 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Еңбек демалысын алуды, саяхатқа шығуды немесе жай демалуды жоспарлаңыз. Жақын адамаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады.

Торпақ
Өзіңіздің темірден жаралмағаныңызды біліңіз. Сондықтан барлық жүктемені өз жауапкершілігіңізге алмаңыз.

Егіздер

Егер шаруаны ертемен бастасаңыз, тез аяқтайтыныңыз анық. Сондықтан жалқаулықты жеңіп, күтіп тұрған жұмысқа кірісіңіз. 

Шаян

Байланыс орнатуға қолайлы күн. Үзіліп қалған қарым-қатынасты қайта жалғауға тырысыңыз. Ойларыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз.

Арыстан

Бүгінгі күнді жақсы өткізу немесе сәтсіздікке ұшырау да өз қолыңызда болмақ. Тек жақын адамдарыңызға қысым көрсетпеңіз.

Бикеш

Бүгін өз ұстанымыңыздан айнымағаныңыз жөн. Сол ұстанымдарыңызға қарап сізді жұмысқа шақыратындар табылады.

Таразы

Күніңіз сәтті өтеді. Барлық жоспарлар бірінен кейін бірі орындалып, ісіңіз алға басады. Тағы да біраз шаруа бітіруге уақыт бар.

Сарышаян

Асықпаңыз. Қай жұмысты атқарсаңызда асығыстық жасамаңыз. Әсіресе құжаттарға сақ болғаныңыз жөн.

Мерген

Жұлдыздар сәтті күн екенін айтуда. Әсіресе қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті жолдан қомақты ақша тауып алуыңыз мүмкін.

Тауешкі

Татуласуға да, сезім білдіруге де ең бірінші болып қадам жасайтындардың қатарынансыз. Ең бастысы асығыстық жасамаңыз.

Суқұйғыш

Бүгін жұмысқа қатысты қызықты ұсыныстарға бас қатырасыз. Бірақ жұлдыздар сақ болуды ескертеді. Бұл ұсынысты тексеріп алғаныңыз дұрыс.

Балықтар

Қызықты тосынсыйлар күтіп тұр. Алайда қызық қуып жүре бермеңіз. Жұмысты да ойлап, тапсырмаларды уақытылы орындаңыз.

Тағы да оқыңыз: