**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)** **ақпараттық агенттігінің 10 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Еңбек демалысын алуды, саяхатқа шығуды немесе жай демалуды жоспарлаңыз. Жақын адамаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. **Торпақ** Өзіңіздің темірден жаралмағаныңызды біліңіз. Сондықтан барлық жүктемені өз жауапкершілігіңізге алмаңыз. **Егіздер** Егер шаруаны ертемен бастасаңыз, тез аяқтайтыныңыз анық. Сондықтан жалқаулықты жеңіп, күтіп тұрған жұмысқа кірісіңіз.  **Шаян** Байланыс орнатуға қолайлы күн. Үзіліп қалған қарым-қатынасты қайта жалғауға тырысыңыз. Ойларыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз. **Арыстан** Бүгінгі күнді жақсы өткізу немесе сәтсіздікке ұшырау да өз қолыңызда болмақ. Тек жақын адамдарыңызға қысым көрсетпеңіз. **Бикеш** Бүгін өз ұстанымыңыздан айнымағаныңыз жөн. Сол ұстанымдарыңызға қарап сізді жұмысқа шақыратындар табылады. **Таразы** Күніңіз сәтті өтеді. Барлық жоспарлар бірінен кейін бірі орындалып, ісіңіз алға басады. Тағы да біраз шаруа бітіруге уақыт бар. **Сарышаян** Асықпаңыз. Қай жұмысты атқарсаңызда асығыстық жасамаңыз. Әсіресе құжаттарға сақ болғаныңыз жөн. **Мерген** Жұлдыздар сәтті күн екенін айтуда. Әсіресе қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті жолдан қомақты ақша тауып алуыңыз мүмкін. **Тауешкі** Татуласуға да, сезім білдіруге де ең бірінші болып қадам жасайтындардың қатарынансыз. Ең бастысы асығыстық жасамаңыз. **Суқұйғыш** Бүгін жұмысқа қатысты қызықты ұсыныстарға бас қатырасыз. Бірақ жұлдыздар сақ болуды ескертеді. Бұл ұсынысты тексеріп алғаныңыз дұрыс. **Балықтар** Қызықты тосынсыйлар күтіп тұр. Алайда қызық қуып жүре бермеңіз. Жұмысты да ойлап, тапсырмаларды уақытылы орындаңыз.