[**Kyzylorda-news.kz**](https://kyzylorda-news.kz/) **ақпараттық агенттігінің 7 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.** **Тоқты** Жаңаша бастама ұсынғандар болса, одан бас тартпаңыз. Қандай қиындық болса да тығырықтан шығар жол табыңыз. Бүгін жолға шығуды жоспарламаңыз. **Торпақ** Мазасыз күн. Кейбір сөздерді жүрегіңізге жақын қабылдап, ренжіп қалуыңыз да мүмкін. Сондықтан бүгін ешкіммен жақын араласпағаныңыз жөн. **Егіздер** Тыныш күн. Күнделікті шаруаңызбен айналысып, берілген тапсырмаларды орындап, үйге қажетті заттар сатып алуға қолайлы күн. **Шаян** Материалдық жағдайыңыз, сіздің қалай жұмыс жасайтыныңызға байланысты екенін естен шығармаңыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланып үйреніңіз. **Арыстан** Бүгін жолыңыз болады. Жаңа таныстықтар орын алады. Бүгін қандайда бір қиындық орын алса, сіз бұл сәттерде де шешім таба аласыз. **Бикеш** Күніңіз жақсы өтеді. Көптен бері ойлап жүрген сүйікті ісіңізбен айналысасыз. Жаныңызға жайлылық сыйлайтын таныстықтар орын алады. **Таразы** Күннің алғашқы жартысында өзге адамдардан ұсыныс түсуі мүмкін, алданып қалудан сақтаныңыз. Жақындарыңызбен жылы қарым-қатынас орнатыңыз. **Сарышаян** «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген мақал бүгін сізге арналғандай. Сондықтан қиын тапсырмаларды орындаймын деп әуреленбеңіз. **Мерген** Жеке өмірде де, жұмыста да жолыңыз болып, көп жетістікке жетесіз. Бірақ отбасыңызға көп көңіл бөлуді ұмытпаңыз. **Тауешкі** Үмітіңіз ақталады. Өзіңіз қалаған салада жұмыс табасыз. Бұл жұмысты бар ынтаңызбен, қызығушылықпен атқарасыз. Сіз өте білікті мамансыз. **Суқұйғыш** Егер жақсы дайындалсаңыз, қолға алған əрбір ісіңіз сəтімен болады. Сақтық пен ұстамдылықты ұмыт қалдырмаңыз. Кешке жақсы тынығуға тырысыңыз. **Балықтар** Бүгінгі күніңіз ерекше өтеді. Отбасыңызға көп көңіл бөліңіз. Материалдық жағдайыңызды жақсартудың амалдарын қарастырғаныңыз жөн.