Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Маңызды сауалдарға жауап табатын, пайдалы іспен айналысатын күн. Өзгелердің ағара алмағанын, тіпті ұсақ-түйекті де байқай аласыз. Сондықтан да көбісі сізден ақыл сұрауға асығады.

Торпақ

Күшіңізді өзгелермен біріктіретін күн. Егер мәселе туындаса оны жалғыз шешуге тырыспаңыз. Қиындықты бірге жеңу оңайырақ болатынын естен шығармаңыз. Кешке көңіл-күйіңіз түсуі мүмкін, бірақ жақындарыңыз сізге көмектесетін болады.

Егіздер

Жаңа бастамаларды қолға алатын күн. Өз тапсырмаларыңызды да орындап, өзгелерге де көмектесе аласыз. Сонымен қатар кейін өзіңізге жақын тұтатын жанмен танысатын боласыз.

Шаян

Маңызды шаруаларды кейінге қалдырыңыз. Оларды дәл қазір орындау сіз үшін қиынға соғады. Бүгін өткен күннің қателіктерін түзеңіз. Сонымен қатар отбасыңызға көңіл бөліңіз.

Арыстан

Қарбалас күн. Басты міндетіңіз жетістікке жетудің жолын табу. Басқа шаруаларға көңіл аударудың қажеті жоқ. Айналаңыздағы жандардың сөзіне емес, өз ішкі түйсігіңізге сеніңіз.

Бикеш

Барлығы асығыс, тек сіз ғана ешқайда асықпайсыз. Әрбір қадамыңызды ойланып басасыз. Себебі сәт сайын түрлі идеялары келіп, оны жүзеге асыруға тырысасыз. Ескі таныстарыңызды жолықтырасыз.  

Таразы

Күніңізді ішпыстырарлықтай етіп өткізуден сақтаныңыз. Көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Қызықты ұсыныстарды өзгелерден күтіп отырғаннан гөрі, өзіңіз ұсыныс тастаңыз. Серуенге шығыңыз, қыдырыңыз.

Сарышаян

Көптен бері ойға алған шаруаны бітіретін кез келді. Бастапқыда барлығы қиындық туғызуы мүмкін. Бірақ табандылық танытар болсаңыз, барлық жұмысты аяқтауға мүмкіндік бар.

Мерген

Қаражат мәселесі толғандырып жүр. Десе де, бүгін ақша көп жұмсайсыз. Шамадан тыс десек те болады. Егер барлық алынатын заттарды ақылдасар болсаңыз, саудаңыз сәтті болады.

Тауешкі

Айналаңыздағы жандармен келіспейсіз. Кейде бұл әрекетіңіз дұрыс болғанымен, достарыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. Сондай-ақ бүгін шығармашылық жоспарлар туралы ақылдасуға қолайлы күн.

Суқұйғыш

Егер жаңа таныстықтарды қаласаңыз үйде отырмаңыз. Қызықты кездесулерге барасыз. Айналаңыздағы адамдардың ойы сізбен сәйкес келетіні қуантады. Ұқыпты болыңыз.

Балықтар

Сәтті күн. Қарсыластарыңыз өте қу болғанымен, сіз олардың алдын орап аласыз. Жаңа таныстықтар орын алып, сіз бұл кеште көпшіліктің назарына ілігесіз. Алайда сақ болыңыз.

Тағы да оқыңыз: