Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 3 желтоқсанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты
Бүгін тоқтылар үшін ауыр күн. Көп алданасыз. Жүйкеңіз көп жұқарады, сондықтан эмоцияға шектен тыс берілмеңіз. Біреудің сіз туралы айтқан сөздеріне көңіл бөлмеңіз. Сізбен сөзге келіп қалған жақындарыңызбен татуласқаныңыз жөн.

Торпақ
Сіз үшін бүгінгі күн шиелініске толы болады. Сезіміңізді ақылыңызға жеңдіре алмай, ұрыс-керіске жол бересіз. Көңіл-күйіңіз болмаса да, жақындарыңызға әділетсіз болмаңыз. Ойланбай сөйлеп, оларды ренжітіп алудан сақтаныңыз.

Егіздер
Денсаулығыңыз күрт нашарлайды. Басыңыз ауырып, өзіңізді жаман сезінесіз. Адамдармен қарым-қатынаста сақ болыңыз. Жалған ақпаратқа тап болып немесе алданып қалуыңыз мүмкін. Бүгін басшылықпен және әріптестеріңізбен бәстесудің қажеті жоқ.

Шаян
Көптеген қиындыққа тап боласыз. Денсаулығыңыз да сыр береді. Бүгін суға неғұрлым жақын болғаныңыз жөн. Отбасыңызбен бірге моншаға немесе бассейнге барыңыз. Ол сіздің еңсеңізді басқан ауырлықтан құтылуға көмектеседі. Балаларыңызға ұрысудан аулақ болыңыз.

Арыстан
Бүгін сіз үшін қиын күн. Кез келген істе белсенділік танытпаңыз. Оныңыз өзіңіздің басыңызға таяқ болып тиеді. Өзіңізге сын көзбен қараңыз. Әріптестеріңізбен сөзге келуден сақтаныңыз. Шындық болса да, жеке пікіріңізді айтқанда абай болыңыз.

Бикеш
Сезімге көп ерік бермеңіз. Ол сізді тығырыққа тірейді. Бүгін ақылыңызды басқара алмайтын болғандықтан, ешкіммен жақын араласпаңыз. Жақындарыңызбен сөзге келуден аулақ болыңыз. Әйтпесе, үйіңізден береке кетеді.

Таразы
Өте сәтті күн. Махаббатта жолыңыз болады. Бүгін қолға алатын жаңа бастамаларыңыз бен жоспарларыңыз сізден белсенді болуды талап етеді. Іскерлік қарым-қатынасыңыз артып, таныстарыңыз көбейеді. Тек күшіңізді орынсыз жұмсап, өзіңізді шаршатып алмаңыз. Материалдық жағдайыңыз жақсарады.

Сарышаян
Бүгін күндегідег белсенді, шығармашылыққа көңіл бөлесіз. Айналаңызда болып жатқан көптеген оқиғалар сізге әсер етпей қоймайды. Көптен бері ойыңызда жүрген шығармашалық тапсырыстың шешімі табылады. Отбасыңыздағы құрылысты соңына жеткізесіз.

Мерген
Физикалық жағынан көп күш түседі. Бүгін бастаған жұмысыңызға бөгде адамдар кедергі келтіруі мүмкін. Кез келген ұрыс-керістен аулақ болыңыз. Өзіңіздікін қагша дәлелдегіңіз келсе де, бәрібір сіздің пайдаңызға шешілмейді. Сондай-ақ, бүгін ішімдік ішпегеніңіз жөн.

Тауешкі
Бүгін рухани, шығармашылық мүмкіндіктеріңіз артады. Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасы жаңа биікке көтеріледі. Әлеуметтік жағдайыңыз жақсарып, көптеген түйткілді мәселелер шешімін табады. Бүгінгі жаңа таныстық сіз үшін пайдалы әрі тиімді ұзақ мерзімді іскерлік байланыстың баспалдағы болады.ү

Суқұйғыш
Демалысқа өте қолайлы күн. Өзіңізге көңіл бөліп, күш-қуатыңыз артады. Осы уақытқа дейін сізді қинап келген мәселелердің бәрі жақсы жағынан шешімін табады. Бір жеріңіз ауырса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Өздігінен емделуге болмайды.

Балықтар
Спортпен және кез келген физикалық жұмыспен айналысуға қолайлы күн. Бүгін күніңіз өте сәтті өтеді. Өзіңізді өте жақсы әрі тыныш сезінесіз. Ойламаған жерден болған жаңа таныстық пен күтпеген кездесулер бүгінгі күніңізді әсерлі ете түседі. Бірақ, сезіміңізге сақ болыңыз.

Тағы да оқыңыз: