Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жұлдыздар не дейді?

30.05.2020, 8:00

4118 0

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 30 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгінгі күнді тек өзіңізге арнаңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кішігірім саяхатқа шығуға да болады. Әсіресе теңіз жағасына барып, толқындарды тамашалаңыз. Не болмаса моншаға барып, жағымсыз энергияларды сумен шайыңыз

Торпақ

Бүгін сіз сәнгерлердің, дизайнерлердің ақыл-кеңестеріне жүгінесіз. Бұл мамандарға сенім артқаныңызбен, емші-балгерге сенбегеніңіз жөн. Себебі халықтық ем-дом өзгелерге жақсы әсер еткенімен, сізге оң нәтиже бермейді.

Егіздер

Жақын адамдарыңыздың бірі сізді қатты ренжітуі мүмкін. Қатты реніштен денсаулығыңызға да зиян тиеді. Сондықтан көп тынығып, тек жақсылық ойлаңыз. Тәттіден бас тартпаңыз.

Шаян

Жақындарыңыздан немесе достарыңыз тарапынан сізге көмек қолын созатындар болады. Бірақ тек өзіңізге ғана сеніңіз. Өзіңіз дұрыс деп тапқанды орындауға тырысыңыз.

Арыстан

Тек өзіңізге ғана емес, сонымен бірге айналаңыздағыларға да жақсылық жасауға болады. Сіздің қайсыбір бастамаңыз болмасын қолдау табатыны анық. Сонымен қатар бүгінгі күн жұмыс барысын талқылауға қолайлы күн.  

Бикеш

Бүгінгі күнді тек өзіңізге арнаңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кішігірім саяхатқа шығуға да болады. Әсіресе теңіз жағасына барып, толқындарды тамашалаңыз. Не болмаса моншаға барып, жағымсыз энергияларды сумен шайыңыз

Таразы

Материалдық жағдайыңыз жақсарып, жұмысыңыздың да берекесі артады. Баспаналы болуды армандап жүрсеңіз, ол арманыңыздың да орындалуына аз қалды.

Сарышаян

Күніңіз тосынсыйларға толы. Жағымды жаңалықтар естейсіз. Бірақ жоспарланбаған істер жүйкеңізге тиеді. Ең бастысы өмір ағымына қарсы келмеңіз, әйтпесе, оның толқыны жағаға шығарып тастауы мүмкін.

Мерген

Бүгін сіз үшін сәтті күн емес. Барлығы сіз қалағандай болмайды. Адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындықтар туындап, көңіл-күйіңіз түседі. Сіз үшін қызықты болған шаруаны кейінге қалдыруға тура келеді.

Тауешкі

Жемісті күн. Өзекті мәселелерді дер кезінде шешіп, тапсырмаларды оңай орындайсыз. Жаңа жұмысты қолға алуға мүмкіндік туып тұр. Осы жұмыс арқылы жаңа таныстар тауып, олардан үйренеріңіз көп болады.

Суқұйғыш

Жауапкершілігі зор, өте маңызды күн. Алдағы күндеріңіз дәл бүгін мәселені қалай шешкеніңізге байланысты болмақ. Қаражатыңызды босқа шашып алуыңыз да мүмкін.

Балықтар

Бітпей қалған шаруалар бүгін сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға кедергісін келтіреді. Бұл тығырықтан шығуға әріптесіңіз немесе серіктесіңіз көмектеседі. Тек бұл іске досыңызды араластырмаңыз.

0

Пікір қалдыру