Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін шығармашылықпен айналысасыз. Не болмаса өзіңіздің сүйікті ісіңізді қайта қолға алып, одан табыс табуға болатынына көз жеткізесіз.

Торпақ

Сүйікті адамыңыздың менмендігі сізге ұнамайды. Сондықтан аздап реніш туындайтын болады. Түстен кейін барлығы орнына келеді.

Егіздер

Бүгін қонақ боласыз. Туған-туыстарды аралайсыз. Бауырларыңыздың үйіне барып, біраз демаласыз. Күніңіз сәтті өтеді.

Шаян

Денсаулығыңызға қатысты жағымды жаңалық естисіз. Көптен бері науқастанып жүрген болсаңыз, барлығы қайта қалпына келгеніне сеніңіз.

Арыстан

Өзіңізге ұнайтын адамдармен тығыз қарым-қатынас орнатасыз. Ол адамдармен бағыт-бағдарыңыз да бір болмақ. Бұл сізді қуантатын болады.

Бикеш

Бүгінгі күнді тек өзіңізге арнайсыз. Армандарыңыздың орындалуына жұмыс жасайсыз. Ұсақ тірліктермен айналысқыңыз келмейді.

Таразы

Егер өзіңізге толық сенімді болмасаңыз, болашағыңызға қатысты мәселеде шешім қабылдамағаныңыз жөн.

Сарышаян

Бүгін өзгерістерге жол бермеңіз. Өмірдің ағымына ілесіп жүре бергеніңіз жөн. Сонымен қатар бүгін таныстарыңыздан қызықты жаңалық естисіз.

Мерген

Денсаулығыңызға көңіл аударыңыз. Ауырмайтын жол іздеңіз. Сонымен қатар бүгін ешкімнің алдауына түсіп қалмаңыз.

Тауешкі

Бүгінгі күн серуен құруға, белсенді демалыс ұйымдастыруға қолайлы күн. Сондай-ақ мәдени іс-шараларға белсене араласасыз.

Суқұйғыш

Үй шаруасына бұдан былай алаңдамайтын боласыз. Бұл шаруа енді сіздің мойныңызға жүктелмейтін болады.

Балықтар

Өзгелерге деген жанашырлығыңыз шектен тыс. Аз да болса өзіңізге көңіл бөліңіз. Ең алдымен өзіңізді жақсы көргеніңіз жөн.

Тағы да оқыңыз: