Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 29 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін шынайы боласыз. «Өз үйім, кең сарайдай боз үйім» демекші, өз үйіңізде жайлылықты сезінесіз. Адамдармен тіл табысып, олардың сізді жақсы көруіне мүмкіндік беріңіз.

Торпақ

Бүгін көп еңбектенесіз. Орын алып жатқан оқиғалардың бел ортасында жүресіз. Атқаруға тиіс жұмыс болса, оны кейінге қалдырмаңыз. Жалпы, бүгін сізге қол қусырып қарап отыруға болмайды.

Егіздер

Қарама-қайшылыққа толы күн. Орын алып жатқан мәселелерді шешу мүмкін емес. Сонымен қатар мінезіңіз де бүгін тым ауыр. Сізбен бір мәмілеге келу қиын. Сондықтан жаныңыздағы адамдармен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз.

Шаян

Түске дейінгі уақытта жұмыста қиындықтар туындайды. Еш кінәңіз жоқ болса да басшылық тарапынан айыптаулар естейсіз. Бүгін жоспарларыңыз бен іс-әркеттеріңіз туралы ешкімге тіс жармаңыз.

Арыстан

Жоспарларыңыз жүзеге аса бастайды. Ескі достармен басқосу ұйымдастыруға, әріптестермен кездесуге баруға қолайлы күн. Егер басыңыз бос болса, отбасыңыздың іргетасын қалауға дайындала беріңіз.

Бикеш

Айтарлықтай ауыр күн емес. Сонда да болса оның оңай өткізесіз деп айтуға да болмайды. Бұл күні үйде қамалып отырғаныңыз дұрыс емес. Демалыста болсаңыз, отбасыңызбен табиғат аясына шығыңыз.

Таразы

Көп күш салмасаңызда біраз жетістікке жетуіңізге болады. Адал еңбегіңіздің арқасында мақсатыңызға жетесіз. Қажетті құжаттарға қол қоюға, жаңа келісімшарттар жасасуға қолайлы күн.

Сарышаян

Соңғы күндердегі іс-әрекетіңізге есеп беріңіз. Жақындарыңыздың жанынан табылуға, олармен ашық пікірлесуге тырысыңыз. Жүйкені жұқартпаңыз, сабырлы болыңыз. Балаларыңызды мәселелеріне де бас қатыруға тура келеді.

Мерген

Алдыңызға үлкен мақсаттар қоясыз. Міселен қала сыртынан еңсесі биік үй алуды алдыңызға мақсат етесіз. Моральдық құндылығыңызбен қатар материалдық жағдайыңызда байи түседі. Ол үшін сіз аянбай еңбек етесіз.

Тауешкі

Бүгін сізді үй шаруасынан алыс туыстарыңызға қонаққа бару немесе жұмыс бабымен іссапарға шығу босатады. Отбасыңыздағы әрбір жанның мәдениетті адам ретінде қалыптасуына зор ықпал жасайсыз.

Суқұйғыш

Бұрыннан қалған мәселелерді түбегейлі шешесіз. Осылайша өмірдің жаңа парағын ашасыз. Осы уақытқа дейін жинаған өмірлік тәжірибеңіз алдағы күндерге қойған мақсатыңызға жетуге септігін тигізеді.

Балықтар

Спортта жолыңыз болады. Өзіңіз үшін біршама рекордты жаңартасыз. Алған бетіңізден қайтпаңыз. Жаттығуларды әрі қарай жалғастырып, мұнан да зор жетістікке жетуге ұмтылыңыз.

Тағы да оқыңыз: