Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 27 қарашаға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Маңызды шаруаларды кейінге қалдырыңыз. Бүгінгі уақытыңызды бос әңгімеге жұмсамаңыз.

Торпақ

Бүгін салтанатты шараның жұмысымен жүріп, өз жұмысыңыз кейінге қалады. Басы бос жандар екінші жартысын кездестіреді.

Егіздер

Бүгін жұмыста өрлеу бар. Сізге көмек көрсететін адамдар табылады. Тек олармен тіл табыса білуіңіз қажет.

Шаян

Бүгін үй шаруасында жарақат алып қалудан сақтаныңыз. Байқаусызда алған соққы кейін асқынып кетуі мүмкін.

Арыстан

Отбасыңызбен алыс сапарға шығуға немесе табиғатта серуендеуге қолайлы күн. Бұл жақындарыңызға керемет көңіл-күй сыйлайды.

Бикеш

Ойнаймын деп өзгелердің көңіліне кірбің түсіріп алмаңыз. Ниетіңіз түзу болғанымен, сізді дұрыс түсінбеуі мүмкін.

Таразы

Маңызды мәселелерді шешіп, құжаттарды реттеуде заңгерден кеңес алғаныңыз дұрыс. Себебі сізді алдағысы келетіндер бар.

Сарышаян

Асығыстық танытып, тез шешім шығармаңыз. Жұмыс барысында абыр-сабырдан қателік жіберіп алуыңыз мүмкін.

Мерген

Бүгін сіздің көңіл-күйіңізді түсіргісі келетіндер бар. Бірақ олардың бұл ойы жүзеге аса қоймайды.

Тауешкі

Бүгін барлық шаруаны назарда ұстаңыз. Барлық хабарламалар мен қоңырауларға мұқият болыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін жұмысыңыз жанданады. Шығармашылық бағыттағы ізденісіңіздің арқасында көпшілік ісіңізді бағалайды.

Балықтар

Бүгін моншаға баратын жандар сақ болыңыздар. Себебі жеке бас тазалығының сақталмауынан сырқаттанып қалуыңыз мүмкін.

Тағы да оқыңыз: