Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Жұлдыздар не дейді?

19.04.2020, 8:00

840 0

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 19 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін жағымды жаңалықтар болады. Өзіңізге сеніңіз, әрбір ісіңіздің жақсылыққа бастайтынына сеніңіз. Тәуекелге баруға қорықпаңыз. Сіз өте сақ боласыз. Жақын адамдарыңыздың мәселесін сыртқа білдіртпеңіз.

Торпақ

Жақындарыңызбен қарым-қатынас жақсара түседі. Сіз олармен бірігіп жұмыс жасап, ортақ мақсаттарыңызға жете аласыз. Сезімдеріңізді жасырып қалудың қажеті жоқ.

Егіздер

Маңызды істерді атқаруға қолайлы күн. Қиындықтардан қорықпайсыз. Өзіңіз күткеннен де зор табысқа жетесіз. Қиын тапсырмалардың өзін тез, әрі оңай орындайсыз.

Шаян

Жолыңыз болып, барлық ісіңіз алға басады. Ескі таныстарыңыз немесе достарыңызбен кездесіп, әңгіме-дүкен құрасыз. Бұл кездесу жаңа идеялардың туындауына көмектеседі.

Арыстан

Маңызды мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, нақты шешім шығаратын күн. Орын алып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, өзгелер көңіл бөлмеген жағдайға көңіл аударасыз.

Бикеш

Өзіңіз күмән келтірген істе де табысқа жетесіз. Қарсыластарыңызды шаң қаптырасыз. Абыройыңызға нұқсан келтірген әңгімелерге нүкте қоясыз. Сіз олардың жалған екенін дәлелдейтін боласыз.

Таразы

Бүгін ішіңіз пыспайды. Барлық ісіңіз өз ретімен орындалып, жұмысыңыз бірқалыпта жүріп отырады. Көп уақытыңызды білім көкжиегін кеңейтуге жұмсаңыз. Сүйікті адамыңыз тосынсый жасайды.

Сарышаян

Сәтті күн. Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді. Алайда іштей тынып қалмаңыз.

Мерген

Жаңа жұмыс табасыз немесе жаңа серіктестермен жолығасыз. Мұндай белсенділігіңізді кейбір жандар дұрыс түсінбейді. Бүгін жеке өміріңізде қызықты жайттар көп болады.

Тауешкі

Сәтті күн. Қызықты кездесулер көп болады. Түрлі адамдармен кездесіп, олардың көбісімен тез тіл табысасыз. Материалдық тұрғыдан жағдайыңыз жақсарып, пайдалы келісімшарт жасасасыз.

Суқұйғыш

Қарбалас, сонда да жемісті күн. Жұмыста да, үйде де шаруа көп. Барлығына үлгеру мүмкін емес. Бірақ сізге көмекке келетін жандар бар. Түстен кейін болашаққа жоспар құрасыз.


Балықтар

Ойыңызға көп жаңа идеялар келеді. Олардың әрқайсысын тереңнен ойланып көріңіз. Табысқа жетудің жолын қарастырыңыз. Жақын таныстарыңыз өз тәжірибесімен бөлісіп, кеңес береді.