Жұлдыздар не дейді? – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Жұлдыздар не дейді?

05.04.2020, 8:00

187 0

Kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 5 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін барлық мәселені ақылға салып шешіңіз. Дәл қазіргі сәт кемелдене түсуге ұмтылатын уақыт. Берілген тапсырмаларды мұқият орындайсыз.

Торпақ

Өзіңізге осыған дейін қолдау көрсетіп жүрген туысқандарыңызға толықтай сенім артуыңызға болады. Ол көмек көрсетуге әзір.

Егіздер

Денсаулығыңыз оңалады. Сонымен қатар достарыңызбен қарым-қатынасыңызда жақсарып, өміріңізге жаңа өзгерістер енгізуге құштарлығыңыз артады.

Шаян

«Сабыр түбі – сары алтын» демекші, сабыр сақтай білсеңіз, барлығы оңынан болмақ. Аз уақытқа жалғыз қалғаныңыз өзіңізге жақсы.

Арыстан

Көпшіліктің көзіне түспеуге тырысыңыз. Сіздің қолыңыздан барлығы келеді. Сондықтан өзіңізге сеніңіз.

Бикеш

Жақындарыңызбен сөзіңіз жараспайды. Олар сіздің қолдауыңыздан бас тартады. Сондықтан жеке қалып, шығармашылықпен белсенді түрде айналысыңыз.

Таразы

Қоғамдағы беделіңіз артады. Сондай-ақ бүгін беделді тұлғалармен танысасыз. Ата-анаңыздың қолдауына ие болып, қаржылай қиындықтардан құтыласыз.

Сарышаян

Сіздің мейірімділігіңіз өзгелерге күн нұрындай шашылады. Өзіңіз де жаныңызға жылу сыйлайтын жанмен жолығасыз.

Мерген

Жақындарыңыздың ақылын тыңдаңыз. Сіздің ақшаңызға бола дос болып жүргендерді орнына қойыңыз.

Тауешкі

Жұлдыздар сақ болуға кеңес береді. Себебі, қаржылай қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Алайда таңғажайып романтикалық оқиғаны бастан өткізесіз.

Суқұйғыш

Бүгін нағыз достар табуға қолайлы күн. Егер сіз отбасылы болсаңыз, жолдасыңыздың мінезі өзгергенін байқайсыз.

Балықтар

Өзіңізді кәсіби маман ретінде таныту қиын. Кейбір достарыңызбен сөзіңіз жараспай қиналасыз. Есесіне жақсы адамдармен танысасыз.

0

Пікір қалдыру