Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 11 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Барлық шаруаны ақылмен шешіңіз. Кейде алдыңызда тұрған тапсырманы орындай алмайсыз. Осы кезде туыстардың көп көмегі тиеді.

Торпақ

Айналыңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз тұрақты. Кейде серіктестеріңізге сенім артпағаныңыз жөн. Тез арада өзіңіз іске көшіңіз.

Егіздер

Өзгерістерді қалайсыз. Сондықтан жеке өміріңізде біршама өзгерістер жасайсыз. Бүгін қызықты тәжірибе жасайсыз. Ол табысты болмақ.

Шаян

Бүгін сіз кез келген жанмен тіл табыса аласыз. Бұл сіздің жұмысыңыздың алға басуына көмектеседі. Жақын туыстарыңызға қатысты жағымды жаңалық естейсіз.

Арыстан

Бүгін айналаңыздағы адамдарға ұнауға тырысыңыз. Егер көпшілік сізді қолдайтын болса, жетістікке жетуге, мақсатқа қол жеткізуге болады.

Бикеш

Өзіңізге де, айналаңыздағы жандарға да жақсылық жасай аласыз. Сіз әлсіздерге қамқор болып, күш көрсеткендердің сазайын тарттырасыз.

Таразы

Бүгін аздап уайымға салынасыз. Басты мәселеңіз махаббат болмақ. Сүйікті адамыңызбен қарым-қатынасыңыз айтарлықтай жақсы болмауы мүмкін.

Сарышаян

Түске дейін абай болыңыз. Кейде айналаңыздағы адамдар сізді өз пайдасына пайдаланбақ. Жұмысқа қатысты мәселеде де асығыс шешім қабылдамаңыз.

Мерген

Жан-жағыңызбен байланыс орнатасыз. Кез келген кездесу жоғары деңгейде өтеді. Жұмыста еңбегіңіз еленіп, көпшілік алдында алғысқа бөленесіз.

Тауешкі

Асықпаңыз. Шешім қабылдамас бұрын өткен қателіктерді еске алып, тереңінен ойлана біліңіз. Жақындарыңызбен әңгіме-дүкен құрасыз.

Суқұйғыш

Жоспарланған жұмыстарды іске асыра алмайсыз. Жүзеге асырғанның өзінде қиындықтар туындайды. Сондықтан барлық кедергілерге дайын болыңыз.

Балықтар

Күніңіз қызықты өтеді. Бір орында тоқтап қалмаңыз. Жаңа іспен айналысудан қорықпаңыз. Жалпы, бұл күн іш пыстырмайды.

Тағы да оқыңыз: