Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 6 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты
Бүгін өте ашулысыз. Ашу үстінде айтылған ойларыңыз ақылға қонымсыз болуы мүмкін. Әлбетте ондай ойларыңыз әлдекімнің жанын жаралайды және өзгелермен кикілжің туындайды. Романтикалық кездесудің өзі ұрыспен аяқталады.

**
Торпақ**
Жақсы табыс табуға мүмкіндік туып тұр. Нәзікжанды «егіздерді» жаңа таныстықтар күтуде. Егер сіз кәсіпкер болсаңыз, бүгін бұл салада белсенділік танытасыз. Өзгелермен әңгімелесу барысында абай болыңыз.

Егіздер

Тапсырманы орындау барысында өзіңізге шектеу қоймаңыз. Істі соңына дейін апарыңыз. Шыдамды, сабырлы бола біліңіз. Әйтпесе, өзіңізге өзгелерді жау етіп алуыңыз мүмкін.

Шаян
Өте тамаша күн. Әлдебір істе екіжақты мәмілеге келуге немесе неке қидыруға болатын күн. Дәулетті танысыңыздың немесе достарыңыздың көмегі сіздің табысқа жетуіңізге әбден көмектеседі. Кез келген істі қолға ала беріңіз.

Арыстан
Бүгін сіз дұрыс, әрі нақты шешім қабылдайсыз. Алдағы күндерді аздап болжайтындығыңыз бар болса, бүгін ғарыштан «ақпарат» аласыз. Рухани іспен айналысатындар күш-қуатын тепе-теңдікте ұстап, қажетті құпия білімге ие болады.

Бикеш
Ақша жинауға, лауазымды тұлғадан көмек сұрауға өте қолайлы күн. Бүгін сіз өз болшағаңыздың іргетасын қалауыңыз мүмкін. Егер ашуға беріліп, кикілжің тудырар босаңыз өз болашағыңызға балта шабатыныңызды ұмытпаңыз.

Таразы

Өзіңізге керек емес заттардан құтылыңыз. Тек заттардан ғана емес, сондай-ақ сізге қуаныш сыйлай алмайтын, көңіліңізге қаяу түсіріп жүрген қарым-қатынастарды да үзіңіз. Қандай да бір ұсыныс алсаңыз да, оның жауабын беруге асықпаңыз.

Сарышаян

Эмоцияға көп берілмеңіз және өзіңізге көп салмақ салмаңыз. Жақын адамыңыздан қарыз алуыңызға болады. Дүкен аралайтын болсаңыз, бүгін жолыңыз болатынына сеніңіз. Бірақ электронды жабдықтар сатып алмағаныңыз жөн.

Мерген

Бүгін қайырымдылық жасайтын күніңіз. Ішкі эмоцияңызды шығаруға, өз сезіміңізді білдіруден және махаббатыңызды мойындаудан қорықпаңыз. Әлдекімдермен келіспей қалудан және өмірге өкпе артудан арылыңыз.

Тауешкі

Тәртіп орнатып, айналыңыздағылардың мазасын алмаңыз. Әр нәрсеге бола күйгелектенудің қажеті жоқ. Бүгін жаңа өмірге қадам басып, белсендірек болыңыз. Кез келген істі қолға алуға тырысыңыз және тәуекелге бел буыңыз.

Суқұйғыш

Қордаланып қалған мәселелерді шешуге тырысыңыз. Ол мәселелерге сіз көптен бері көңіл бөлмегеніңіз анық. Құжаттар тұрған шкафтар мен сөрелерді жиыстырып, жұмыс үстеліңізді де ретке келтіріңіз.

Балықтар

Бүгін қызметіңіз жоғарылап, табыс табудың жаңа көздері пайда болады. Сонымен қатар сүйікті ісіңізді қолға аласыз. Өзіңіздің ұстанымдарыңыздан таймаңыз, сізге сеніп айтылған өзгелердің құпиясына берік болыңыз.

Тағы да оқыңыз: