Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 28 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Құмар ойындарынан алшақ болыңыз, өйткені жолыңыз болмауы мүмкін. Жақын адамдарыңызға көбірек жылы шырай танытып, әңгіме-дүкен құрыңыз.
Торпақ
Үйде жөндеу жұмыстарын уақытша тоқтата тұрғаныңыз жөн. Құрал-жабдықтарға аса сақтықпен қараңыз, әйтпесе түрлі «тосын сый» орын алуы мүмкін.
Егіздер
Үйіңіздегі қарым-қатынаста қиындықтар тууы мүмкін, сол үшін сабыр сақтаңыз. Әр сөзіңізге абай болып, байыппен жауап беріңіз.
Шаян
Сіз араласып жүрген адамыңызбен қатынасыңыздың жойылу қаупі бар. Есесіне жұмысты немесе бизнесті жаңа адаммен сөзсіз бастауға болады.
Арыстан
Сізге өзіңізге қарама-қарсы жыныстағы адам назар аударады. Шашыңыздың түсін басқаша бояп, киім үлгіңізді өзгертуіңіз мүмкін.
Бикеш
Бұл күні аздап қаржылай қиындықтар туады. Керек емес заттарға шығынданудан сақтанғаныңыз абзал. Ақшаңызды қолайлы жеріңізде ұстауға тырысыңыз, әйтпесе оңай жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Таразы
Жолдарыңыз бен әріптестіріңіз тындырған тірліктеріңізге қатты қуанады. Сіз жаныңыздағы жандардың қолдауын сезінбей жүрсіз, бірақ қолдау мен демеу көп.
Сарышаян
Махаббат қызығына бөлену үшін ең оңтайлы күннің бірі. Сүйіктіңізбен уақытты көп өткізгеніңіз абзал.
Мерген
Туысқандарыңыздың біреуіне сіздің көмегіңіз керек болады. Қолыңыздан келгенше аянып қалмай, көмек көрсетіңіз.
Тауешкі
Ерлі-зайыпты жандарға бүгін қолайлы күн. Жарыңызбен бірге үйдің көп тірлігін тындыра аласыз.
Суқұйғыш
Егер де ата-анаңызбен арада кикілжің туса, татуласуға өзіңіз бірінші қадам жасаңыз. Олар сізді міндетті түрде кешіреді.
Балықтар
Жүйкеңізді тоздырмағаныңыз абзал, көп ұзамай бәрі өз орнына келеді. Ал әзірше сүйікті кино немесе сериалыңызды көріңіз.