Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 22 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.

Тоқты

Бүгін қабылдаған әрбір шешім дұрысынан болмақ. Жұлдыздар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сілтеп отыратын болады. Жасаған әрбір ісіңіз алға басып, жұмысыңыз жандана түспек. Әрбір күніңіз өзіңізге сабақ болады.

Торпақ

Жұмысқа қатысты келіссөздер жүргізуге ыңғайлы күн. Бүгін сіз кез келген адаммен тіл табысып, оларды өз дегеніңізге көндіре аласыз. Танымдық экскурсияға шығып, айналаңыздағылардан мол ақпарат алуға болады.

Егіздер

Сіз үшін өте сәтті күн. Бүгін жолыңыз болғалы тұр. Сізді бүгін сыйлыққа кенелесіз. Ұтысқа немесе мол мұраға ие боласыз. Жалпы бүгінгі күн өте табысты болмақ. Айтпақшы қолда бар мүлкіңізді сақтандырып қоюды ұмыт қалдырмаңыз.

Шаян

Ата-анаңыздың немесе үлкендердің көмегін аласыз. Олар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, көмек көрсетеді. Жұмыста ұсақ-түйекке мән беріңіз. Құжаттарды ретке келтіріңіз.

Арыстан

Бүгінгі күн іскерлік басқосуларға ғана емес, сонымен бірге достық кездесулерге, романтикалық кештерге де өте қолайлы. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Сіздің сұлулығыңызға тең келер ешкім жоқ.

Бикеш

Бүгінгі күн жағымды әсерлерімен есте қалмақ. Жаңа таныстықтар жақсы қарым-қатынасқа ұласады. Ішімдік пен сапасыз азық-түлік пайдаланудан сақтаныңыз. Өйткені сіздің жақсы көңіл-күйіңізді осылар ғана түсіре алады.

Таразы

Бүгін көп адамдармен сөйлесіп, мол ақпаратқа ие боласыз. Бірақ шынайы ақпаратты ғана алуды ойлаңыз. Бүгін жүрген ортаңыз өтірікке толы. Осыған орай сіз де өз тарапыңыздан өтірік айтуға жол бересіз.

Сарышаян

Сіздің тапқырлығыңызға қызыға қарайтындар болады. Ішкі түйсігіңіз алдамайды. Сондықтан оған толық сенім артуға болады. Бүгін өзіңізге қажет емес заттарды сатып, пайда табыңыз. Ол үшін тауарыңызға жақсы жарнама жасай біліңіз.

Мерген

Барлық қарым-қатынаста өте сәтті күн. Отбасыңызға көңіл бөліңіз. Оларға өз қолыңызбен мерекелік дастархан әзірлеңіз. Сонымен қатар бүгін сумен ем қабылдасаңыз денсаулығыңызды жақсартасыз.

Тауешкі

Бүгінгі күн үй ішін ретке келтіріп, жаңа заттар алуға өте ыңғайлы. Әйел адамдар өздерінің сырт келбеттеріне мән беріп, косметикалық ем-домдар жасау қажет. Бүгінгі күн бала тәрбиесімен айналысуға өте қолайлы.

Суқұйғыш

Бүгін өз ұстанымыңыздан таймаңыз. Сонда ғана барлығы жақсы болады.  Өзгелердің сізге деген көзқарасы өзгеріп кетуінен сақтаныңыз. Олармен жақын қарым-қатынасты үзбеңіз.

Балықтар

Айлық жалақыңыздың өседі деп немесе қызметіңіз жоғарылайды деп ойлап жүрсіз. Бірақ бұл ойыңыз іске аспауы мүмкін. Сондықтан өз ойыңызға алданып, соңынан жүйкеңізді шаршатып алып жүрмеңіз.

Тағы да оқыңыз: