Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының тұрғыны Гулнар Мейрбекқызы мемлекет мүмкіндігін тиімді пайдаланда.

Мүгедек балаға қараушы ана «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне баулитын курсты 2022 жылы аяқтаған.

2022 жылдың қыркүйек айында «Жүн түту цехын ұйымдастыру» бизнес жобасы бойынша ескі жүн, мақталарды өңдеп, жаңадан құрақ, көрпе өнімдерін шығарып, оларды сату мақсатында қайтарымсыз 1 225 200 тг гранттың иегері атанған.

Грант қаржысына жүн түту аппаратын алған. Кәсібін тұрғылықты мекен-жайында орналасқан шағын цехта жүргізіп отыр. Тапсырыс бойынша мақта, көрпе өнімдерін шығарумен айналысады.

Тағы да оқыңыз: