Kyzylorda-news.kz. Жалпы біздің өңірдің дамуы көш соңында емес. Қай салада болсын мүмкіндігіне қарай ілгерілеушілік байқалады. Әсіресе аудандағы жол жайы көңіл қуантарлықтай. Халықтың көкейінде жүрген мәселелер ескеріліп, автомобиль жолдары, елді мекенаралық жолдар жөндеуден өтуде. Кезең кезеңімен жүзеге асып жатқан бұл жұмыстар биыл да жалғасын табуда.

Алдымен аппарат мәжілісінде алдымен кадрлық ауыс-түйістерге кезек берілді. Соңынан бірқатар мәселе қаралып, Асқарбек Темірбекұлы әріптестерін сыннан сабақ алуға шақырып, нақты тапсырмалар берді. Жексенбідегі сайлаудың қорытындысымен қос елді мекеннің жаңа әкімдері белгілі болды. Аққұм ауылына елдің басым дауысына ие болған Алтынбек Асанбеков, Мырзабай ахун ауылына Ғалым Тәуіпбаев әкім болып сайланды. Алтынбек Асанбеков бұған дейін де аталған ауылда әкім қызметін атқарған. Кешегі сайлауалды бағдарламасында да нақты мақсатміндеттер қамтылған. Әлбетте оның барлығы Аққұмның екінші тынысын ашуға айтарлықтай қолғабыс болары анық. Тек осы мақсаттағы жұмыстар күн тәртібінен түспеуі керек. Ғалым Тәуіпбаев та Мырзабай ахун ауылының тыныс-тіршілігінен бейхабар азамат емес. Бұған дейін ауыл шаруашылығы саласында қажырлы еңбек еткен азаматтың елді мекеннің екінші тынысын ашуға қарым-қабілетін жұмсайтыны сөзсіз. Бұған дейін аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып Қанат Бөленбаев, аудандық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Ғабит Ерболұлы тағайындалған болатын. Әріптестерінің алдағы жұмысына сәттілік тілеген аудан әкімі олардың елдің ертеңіне, талаптілегіне жұмыс жасайтынына сенім білдірді. Әдеттегідей мұнан кейін кезек күн тәртібіндегі мәселелерге келді. Алдымен сөз алған Қанат Шамшатұлы өзі басшылық ететін бөлім тарапынан алғашқы тоқсанда атқарылған жұмыстарды кеңінен тарқатты. Баяндамашының сөзіне сүйенсек, І тоқсанда 1 545 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласқан, оның 69,7 пайызы бағдарламаға қатысушылар құрамына енген. Жаңа бизнес жобаларды іске асыруға 198 млн 720 мың теңге қаралған. Бөлім басшысы алдағы уақытта тиісті қаражат есебінен 144 адамды қайтарымсыз грантпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Наурыз айының ортасында 136 үміткердің құжаты қаралып, 36 адам қайтарымсыз қаржыға ие болған. Кәсіп бастауға талаптанғандарға жалпы құны 49,7 млн теңге үлестірілген. Қайтарымсыз грантты үлестіру жыл аяғына дейін жалғасады. 1 млн 380 мың теңге – шағын кәсіп бастауға жақсы мүмкіндік. Сондықтан бұл мүмкіндікті құр жібермей жұмыссыз азаматтар өз жобаларын жүзеге асыруға асыққаны дұрыс. Айта кету керек, биыл І тоқсанда ауданда 3198 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбеттің сөзіне сүйенсек, бүгінде оның 95,7 пайызы нақты жұмыс жасап тұр. Өкінішке орай 137 кәсіпорын жұмысын тоқтатқан. 

Жасұлан Ерданұлы жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің санында өсім барын алға тартады. Ал жұмыс жасап тұрғандар саны 148-ге көбейген. Айта кетейік, бұған дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің халық санына шаққандағы үлесін 9 пайызға жеткізу хақында тапсырма болған. Бүгінде ол Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр, Жаңадария және Таң ауылдық округтерінде ғана орындалып отыр. Ал Аққұм, Аққыр, Ақсу, Аламесек, Еңбек, Жаңаталап, Қаракеткен, Мақпалкөл, Мәдениет, Мырзабай ахун, М.Шәменов ауылдарында кәсіпкерлік субъектілерінің халық санына шаққандағы үлесі 9 пайызға да жетпейді. Мұнан бөлек жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 95 пайызға жеткізу туралы тапсырма да болған. Қазіргі таңда тиісті тапсырма Жалағаш кенті, Мәдениет пен Жаңадария ауылдық округтерінде орындалмаған. Осы ретте бөлім басшысы аталған елді мекен әкімдері тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің санын азайту арқылы жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің үлесін арттыру қажет деп есептейді. Кент және ауылдық округтерге халық санына байланысты, жаңадан 530 кәсіпкерлік субъектісінің тіркелуін қамтамасыз ету тапсырылған. Биыл І тоқсанда 365 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 271 кәсіпкер жұмысын тоқтатқан. Макроэкономикалық көрсеткіштерге келсек, Жасұлан Ерданұлы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 4 млрд 706 млн теңгені құрағанын, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда меже 6,2 есеге жоғары орындалғанын айтады. Жыл қорытындысымен жалпы құны 18 млрд 769 млн теңге инвестиция тарту жоспарда бар екен. Бөлім басшысы ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы І тоқсанда 9 млрд 648 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 есеге артқанын айтады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 3 млрд 287 млн теңгеге жеткен. Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әрі қарай дамыту бағытында 54 жоба 840,4 млн теңгеге қаржыландырылған. Ал мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жыл басынан бері Аққыр, Аламесек, Еңбек, Жаңадария, Жаңаталап ауылдары бойынша ешқандай жоба қаржыландырылмаған. Сала басшысы да аудан әкімінің сынынан тыс қалмады. Яғни бұл сала бойынша да халық арасында түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуі керек. Асқарбек Темірбекұлы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмыс бастаймын деген азаматтарға мейлінше қолдау көрсету қажеттігін қаперге салды. 

Аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Руслан Байғазиев жеке тұлғалардың 2022 жылға көлік құралдарына есептелген салықтарын төлеу мерзімі 1 сәуірге белгіленгенін айтады. Яғни осы жылдың сәуіріне дейін толық төленуі қажет. Алайда осы салықты жинақтап, бюджетке өндіруге кент және әрбір ауылдық округ бойынша арнаулы салық мамандары бөлінгенімен, өндіру жұмыстары өте төмен. Басқарма кент және ауылдық округтердегі салықшы мамандар жұмысына талдау жүргізу барысында жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша 6 млн 241,7 мың теңге бе Сыннан сабақ алған абзал Ауданда мемлекеттік қолдау шараларынсыз халықты жұмыспен қамтуға арналған меже 50 пайызға да орындалмаған. Оның үстіне жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлік нысандары да жоқ емес. Мұнан кейін кезек ауылдық елді мекендерде атқарылған жұмыстарға да келіп жетті. Алдымен Мәдениет ауылдық округі әкімі Адай Мұстафаев елді мекенде атқарылған жұмыстарды саралады. Баяндаманың басым бөлігі көркейту-көгалдандыру жұмыстарына бағытталған. Мұнан бөлек «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауыл орталығына аяқ су жеткізу, Жаңақоныс көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобасметалық құжаттар әзірлеу, жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары, кәсіпкерлікті дамыту сынды жобалар жоқ емес. Былтыр ауыл әкімі елді мекен халқымен кездесуде халық 10 мәселе көтерген. Өкінішке орай бүгінде оның тек біреуіне ғана жұмыс жасалған. Аудан басшысы елдің мәселесін ертеңге қалдыруға болмайтынын ескертіп, басқа да мәселелерді назардан тыс қалдырмауды тапсырды. Еңбек ауылында да дәл осындай жағдай, халықпен кездесуде көтерілген мәселелердің шешіміне жұмыс жасау көңіл көншітпейді.

«Жалпы елді мекендердегі өміршең жобалардың жемісін халық көруі тиіс. Сондықтан оның сапасы да ұдайы назарда болуы керек. Халықтың талап-тілегі мен үшін бірінші орында. Жұмыссыздық мәселесін тұсап, елді мекендердің еңсесін тіктеу күн тәртібінен түспейді, – деді аудан әкімі өз сөзінде.

Иә, Асқарбек Есжановтың осы мақсатқа жұмыс жасайтынына күмән жоқ. Халықпен кездесулердің бәрінде болдық, тіпті кейбір елді мекендерде көтерілген мәселелер сол жерде шешімін тауып жатқанына да куә болғанбыз. Бүгінгі әріптестеріне қарата айтылған сын да орынды.

Тағы да оқыңыз: