Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек бірқатар маңызды нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Алдымен Жосалы теміржол вокзалына барып, күрделі жөндеуден өткен нысанды тексерді. Қазір вокзалдың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, аумағын абаттандыру бағытындағы жұмыстары аяқталуға жақын. Нысанды алдағы уақытта пайдалануға беру үшін соңғы жұмыстар пысықталуда.

Бұдан бөлек аудан басшысы Жосалыдағы дендро саябағын аралап, қайта жаңғыртудан өткен саябақтың абаттандырылу жұмыстарын көрді. Аумағында көгалдандыру және тұрғындарға жайлы демалыс ортасын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілген.

Жандос Еркінбек жұмыстардың сапалы әрі белгіленген талаптарға сай орындалуына назар аударып, абаттандыру жұмыстарын тиісті деңгейде аяқтауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: