Kyzylorda-news.kzБалалар күні мерекесіне орай Жосалы кентіндегі Д.Мырзағалиева көшесінде жаңадан салынған спорт және ойын алаңының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қармақшы аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, ардагерлер, кент әкімі мен бөлім басшылары және көше тұрғындар, балдырған балалар қатысты.

Іс-шарада Жосалы кентінің әкімі Алмасхан Досмұратов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, спорт саласының ардагері Еркін Атабаев жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ көше тұрғындарының атынан Кенішкүл анамыз ризашылығын жеткізсе, аудан ардагері Орынбасар Сариев балғын бөбектерді мерекесімен құттықтап, ақ батасын берді.

Іс-шара соңында бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, концерттік бағдарламамен жалғасты.

Иә, кентіміз күн санап көркейіп келеді. Айта кетейік, соңғы 3 жылда аудан көлемінде 17 балалар және спорттық ойын алаңы салынып, пайдалануға берілген. Оның ішінде аудандық бюджет есебінен 10, демеушілер есебінен 7 ойын алаңы салынды. Биыл Жосалы кентіндегі Д.Мырзағалиева және Ә.Жаназаров көшелерінде балалар және футбол алаңдары пайдалануға берілсе, Т.Көмекбаев, Алдашбай ахун ауылдарында  құрылыс жұмыстары  жүргізілуде.

 

Тағы да оқыңыз: