Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жол активтерінің ұлттық сапа орталығында жол құрылысын дамыту бағытында республикалық семинар өтіп жатыр. 

Келелі жиынға жол саласына жауапты мемлекеттік құрылымдар, жол салушы мердігерлер, асфальт-бетон жабындысын шығаратын компания өкілдері қатысты. 

Семинар екі блокқа бөлінген. Орталық сарапшысы Серік Жолдасбек жаңадан «КазРоадЛаб» бағдарламасын таныстырып, зертхана жұмысындағы жаңашылдықтармен бөлісті. Сондай-ақ, «ИнДорТех» компаниясының өкілі Г. Измаилова жолдың алғашқы қабаты топырақты нық қалыптастаруға пайдаланатын тыңнан шыққан «Acrosoil» қоспасы туралы баяндап, кеңінен түсіндірді. 

Жалпы семинар аясында салаға қатысты жан-жақты ұсыныс-пікірлер тыңдалып, жол саулшылар мен жол сапасын кадағалаушылар арасында тығыз байланыс орнап, алдағы уақытта семинарда таныстырылған жаңашылдықтарды өндіріске енгізу бойынша жүйелі жұмыстар атқарылатын болады.

Тағы да оқыңыз: