Kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтарды белгіледі. Ол ел экономикасын қалпына келтіру, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталды.

Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті мәселелеріне жауап беретін ерекше мәнге ие болды.

Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгіледі.

Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтиды.

Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін.

Бүгінгі Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын. Қазақстан халқына Мемлекет Басшысы Жолдауының міндеттерін орындауға шақырамын.

А.ЖАҚСЫЛЫҚ,

Қызылорда облысының әділет департаментінің

бас маманы

Тағы да оқыңыз: