Kyzylorda-news.kz Президенттің жыл сайыңғы жолдаулары жарияланатын уақыты жақындаған сайын болашаққа бастар қандай қозғаулар мен міндеттер болады екен деп күтілетін науқанға айналғаны белгілі. Бүгінгі жолдауда жаппай цифрландыру мәселесіне аса назар салынды.
«Түптеп келгенде, еліміздің түбегейлі цифрлық жаңғыруын халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бастайтын жол дей аламыз», - деген мемлекет басшысы, бір жағынан, заман ағымынан қалмай, озық елдер қатарындаболу үшін үлкен бастама көтерсе, екінші жағынан, менің ойымша, қоғамдағы сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы тұрудың тиімді жолы екендігін меңзегендей болды. Әрине, мемлекет қарқынды, әрі сапалы дамуы үшін билік пен халық арасында өзара сенім болуы шарт. Цифрландыру саясаты кейбір салаларда бұрын басталып, қолданысында оң нәтиже көрсеткені белгілі. Енді сол қол жеткізген тәжірибемізді барлық салаға толықтай еңгізу дұрыс қадам деп есептеймін. Көштен қалған кеш қалады дегендей, заман ағымында болу өз абыройымыз бен өмір сүру деңгейімізді көрсететіндей дәреже іспетті. Ол үшін, Президент: «Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықтарды жеңеміз. Кез-келген кедергіден өтеміз», - деп айтқанындай қолдан келетін, мемлекеттің қауқары жететін игі бастамаларға қолдау білдіруіміз қажет.
Облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Ерманов Нұрмұрат Наятұлы
