ФОТО

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Келешегіміз жас буынның қолында. Оларға жасалған қамқорлық келешекке құйған инвестиция деп қабылдау керек. Бүгінгі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы ел келешегі балаларымыздың қауіпсіздігі мәселесіне баса назар аударды. 

Президент өз сөзінде: «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуге тиіспіз.Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе.Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет»- деп атап өтті.

Сондықтан бізде ата-аналар «Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей ұрпағымыздың тәрбиелі, білімді, парасатты болғанын қалаймыз. Егеменді еліміздің болашағы – бүгінгі жас балалар. Сондықтан, бала өмірінің қауіпсіздігіне ата-ана, мектеп, мемлекет пен қазіргі қоғам қатаң жауапкершілікте болуы керек деп ойлаймын.

Дәулет ОМАРОВ, 
«Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, 
философия докторы, PHD

Тағы да оқыңыз: