Kyzylorda-news.kz.  Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалының жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының өкілдері Шәріп Әбдірахманов пен Айгүл Мұсабаева ардагерлермен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі басымдықтарды ортақ талқыға салды.

Мәселен, ақпараттық топ мүшесі Айгүл Мұсабаева Жолдаудағы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бағытында жүргізілетін шаралар төңірегінде атап өтті.

«Президент Жолдауда зейнетақы жүйесін қайта іске қосу қажеттігін айтты. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарысын 120 пайызға дейін жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді»,- деді А.Мұсабаева.

Жиында сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикалық саясатты одан әрі жетілдіру, әлеуметтік әріптестік пен адами капиталдың сапасын жақсарту, еңбек нарықтарын жаңғырту, әрбір сектордың жауапкершілігін арттыру жөніндегі даму бағыттары мен стратегиясы төңірегінде да айтылды.

Өз кезегінде сөз алған ардагер Жүзбай Таңрақбай ардагерлер қауымы Жолдаудағы қоғам мен мемлекет алдында тұрған міндеттерді ақылмен, сабырмен, ғылыми нақтылықпен қабылдап, ондағы міндеттерді бірлесе атқаруға қашан да дайын екенін жеткізді.

311585464_488986516600323_5514471911227907581_n.jpg

Тағы да оқыңыз: