Kyzylorda-news.kz. «АMANAT» партиясы Тұран филиалының «Әділет» бастауыш партия ұйымы мүшелері Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын талқылай отырып, оның мазмұнынан еліміздің болашағына салынған жарқын да айқын мақсатты жолды көре алды.
«AMANAT» партиясы «Тұран» филиалының атқарушы хатшысы Есенжол Назаров ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция төңірегіндегі жоспарлар жайлы өз көзқарасын білдірді.
Жолдаудағы жаңа экономикалық саясат, шағын және орта бизнес, салық саясатын қайта қарау, мемлекеттік сатып алу, инвестиция тарту, ауылшаруашылық жерлерін қайта қарау, субсидия беру, ұлт саулығы, зейнетақы жүйесін реформалау сынды мәселелердің өзектілігіне тоқталды.
«Мемлекет басшысының халықтың көкейіндеген жүрген мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Осы жолдау халықтың көңілінен шықты деп айта аламын. Ендігі кезекте біздің ауызбіршілік маңызды. Әділетті Қазақстан құруда баршаңызды бір болып, ел игілігі жолында жұмыс жасауға шақырамын» – деді «Тұран» филиалының атқарушы хатшысы Есенжол Назаров.
Кездесу соңында бастауыш партия ұйымдарының мүшелері өз ұсыныстарын айтып, Ұлттық болмысымызға тән ынтымақтастықты, бірлікті нығайту, оны бағалай білу, ел мен жердің тұтастығын сақтау міндеттерін қалтқысыз атқаратын, жарқын болашаққа жетелейтін Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

