Kyzylorda-news.kz Қазақстан Респбликасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №492 бұйрығына сәйкес, көктемгі кезеңде жол төсемі бөлігінің бұзылуын болдырмау мақсатында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар KAZ06 «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» автожолының 1240-2055,5 шақырым аралығы, KAZ14 «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 12-24 шақырымы аралығына 2025 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында уақытша әрбір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу еңгізіледі.
Халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық
тасымалдарын жүзеге асыратын, төтенше жағдайлар мен олардың салдарын алдын алу және оларды жоюжөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын, азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын, қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер қолданылмайды.
«КАЖсервис» ЖШС,
«ҚазАвтоЖол» ҰК» Ақ
Қызылорда облыстық филиалдары
Фото: Нұрболат Нұржаубай