Kyzylorda-news.kz. «Жолаушылар тасымалы» филиалының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалдары басшыларының біріне «қала маңындағы тасымалға» қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.
Акционерлік қоғам филиалының директоры 2020 жылдың қыркүйегі мен ағымдағы жылдың желтоқсаны аралығында жолаушылар вагондарын жөндеу қызметтерін жеткізушінің пайдасына жасаған әрекеттері үшін жүйелі негізде ақшалай қаражат алды деп күдікке ілінді. 11 миллион теңгеден астам ақша алды.
Күдікті 20 желтоқсанда ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.