Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауы негізінде және аймақ басшысының үйлестіруімен қаланың жол - көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 36 млрд теңге бөлінді. Мамандардың айтуынша, бөлінген қаражатқа қала, кент және ауылдық округтердегі 99 көшеге орташа жол жөндеу, қайта жаңғырту, жол және көпір құрылыстарын салу жұмыстары жүргізілуде.
Жөнделіп жатқан көшенің бірі – Қорқыт ата. Жаңғырып, жаңарып қалған.
Тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін қалаға кіреберіс жолдар мен шет аумақтарға басты мән берілуде.
Жөндеуден өткен жолдың 39,5 шақырымы кент және ауылдық округтердің үлгісінде. Нақтыласақ, 38 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауыл халқы қолға алынған ауқымды жұмыстарға ризашылықтарын білдіруде.