Kyzylorda-news.kz. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жол саласын цифрлық жүйеге көшіруді қолға алды.

Мемлекеттік кәсіпорын тексеруден өткен жолдар бойынша барлық мәліметті арнайы базаға енгізіп, ашықтық пен жариялылық қағидасын ұстанып отыр. Ол үшін былтыр «KazRoadLab» ақпараттық базасы іске қосылды. Пилоттық жоба бүгінде оң нәтижесін беріп, жаңа бастаманың арқасында мамандар құжат бастылықтан арылды. Тағы бір тиімділігі сараптама жол құрылысына қатысты тұлғалармен тек цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. 

«Бір құжатты алу үшін кем дегенде 3-4 ай уақыт кететін. Ал қазір бір айдың ішінде электрондық порталда тез арада тапсырыс берушінің және де ведомстволық сараптама өткізетін біздің орталық қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін портал. Яғни, ондағы ақпаратты бұрмалауға тосқауыл қойылып, сыбайлас-жемқорлық факторларына жол берілмейді», - дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК инженері Мадияр Мырзалимов. 

Айта кетейік, еліміздегі жолдардың жай-күйі бойынша биылдан бастап облыс әкімдерінің жұмысы бағаланып, арнайы рейтинг жарияланатын болады. Осыған орай, филиал ғимаратында қала, аудан, ауыл әкімдіктерінен келген жауапты мамандарға арнайы семинар ұйымдастырылды. Жергілікті билік өкілдеріне жол құрылысындағы жаңашылдықтар мен талап-міндеттер кеңінен түсіндірілді. Жиын барысында жол жөндеу жұмыстары бойынша тараптар ашық ой-пікір алмасып, мол мағлұмат алды.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 11.02.21.jpeg

Тағы да оқыңыз: