Kyzylorda-news.kz Аймақ басшысының қолдауымен биыл қаланың жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында 17 жобаға бюджеттің барлық көздерінен 7,5 млрд.теңге бөлінді.

Соның нәтижесімен алғашқылардың бірі болып мердігер «Сервис НС» ЖШС жүргізген «Тәуелсіздікке 25 жыл» даңғылы бойындағы «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автожол көпірі маусым айында пайдалануға берілді.

Ал қаланың «Ескі базар» аумағындағы Әйтеке би, И.Тоқтыбаев, Училищная көшелеріне, И.Журба тұйығына жол жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жоба «Ескі базар» аумағындағы көлік кептелісін болдырмау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатын жүзеге асырады.

Ескі базар жол құрылысы.jpg

Сонымен қатар қалаға қарасты Қызылөзек ауылдық округіндегі «Қожақ» каналы арқылы өтетін автомобиль көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекеме «Н Строй Сервис» ЖШС нысанды уақытында сапалы аяқтауға ерекше мән беруде. Жалпы жоба құны 292,3 млн. теңгені құрайды.

Қаланы көгалдандыру жұмыстары бағытында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа механизм енгізілді. Жоба қала аумағын жүйелі түрде көгалдандыру, жасыл желек көлемін арттыру және инфрақұрылымды жақсартуды көздейді. Бүгінде 250 қызметкері, 50 бірлік заманауи техникасы бар «КазСтройКапитал» компаниясы күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс жасауда. 

Көгалдандыру жұмыстары.jpg

Айта кету керек, қазір қала аумағында 46 100-ге жуық тал көшеті мен 800 000 дана біржылдық гүлдер, 13 500 дана көпжылдық гүл көшеттері отырғызылды және 10 000 шаршы метрден астам алаңға көгал төселді.

Қазір қала аумағындағы 3 демалыс орны қайта жаңғыртылуда. Мұның ішінде қалалық мәдени және демалыс паркі абаттандырылып, пайдалануға берілді. Ал, Тұңғыш Президент саябағы мен Қорқыт ата атындағы саябақтарында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаладағы 18 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруға және ойын алаңдарын салуға қалалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қаржы бөлінбек. 

Президент саябағы құрылыс.jpg

Оған 19 шағын футбол, 25 жаттығу, 21 балалар ойын алаңын,15 аулаішілік шаруашылық алаңын және 13 демалыс орнын салу көзделген.

Шаһардағы көпқабатты 20 үйдің қасбеттеріне күрделі жөндеу жұмысы басталды. Оған облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Тұрғын үй.jpg

Тағы да оқыңыз: