Kyzylorda-news.kz. Бүгінде елімізде жыл сайын көз жұматын жандардың өліміне әсер ететін басты фактор жол-көлік апаты болып отыр. Жол апатына әкеліп соғатын басты себеп – жүргізушілердің қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, сондай-ақ мас күйінде көлікке отыруы.

Осы орайда, жол-көлік апаттарын алдын алу мақсатында Қармақшы ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың қараша айының 25-і желтоқсан айының 5-і аралығында қадағалау аумағы бойынша көлік құралдарының жол жүру ережесі қағидаларының сақталу барысына патрульдік полиция тобының қызметкерлерімен бірлескен түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілді. 

Нәтижесінде, сот қаулыларымен белгілі бір мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған 3 тұлғаның заңсыз қайта көлік құралын басқарып жүргендегі анықталды. Бұл азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар шешім қабылдау үшін соттың қарауына жолданылды. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау қорытындысымен 2 азаматты аталған баппен кінәлі деп танып, құқық бұзушыларға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, 1 азаматқа 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

20.jpg

Тағы да оқыңыз: