Kyzylorda-news.kz  Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек бірқатар инфрақұрылымдық нысандардың жағдайын тексеріп, төтенше жағдайлардың алдын-алу жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен аудан басшысы «Марал баба» кесенесіне баратын жолдың құрылыс жұмыстарын бақылады. Бұл жол аудан тұрғындары мен Марал Ишан кесенесін зиярат етушілер үшін маңызды инфрақұрылым болып табылады. Аудан әкімі тиісті сала басшыларына жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.

Одан кейін, Қармақшы ауылы мен Далдабай елді мекені шекарасы тұсындағы және Дүр Оңғар ауылының маңындағы Сырдария өзенінің жағдайымен танысты. Бұл аймақтардағы өзен жағалауының бекітілуі мен су тасқындарына қарсы қорғаныс шараларының сапасы назарға алынды. Өзеннің жағдайын бақылау – тұрғындардың қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамытуда ерекше маңызды. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша Қызылорда су торабынан 365 м3/сек, Әйтек су торабынан 327 м3/сек, Қараөзек арнасынан 35 м3/сек су келіп түсуде. Жосалы кенті тұсында Сырдария өзенінің су деңгейі 98.97.

Сонымен қатар, аудан әкімі «Қожатай» учаскесіндегі су тоспасының жағдайын және «Сарыөзек» көлінің экологиялық жағдайын тексерді. Бұл нысандар өңірдегі су ресурстарын тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады. Аудан басшысы су тоспаларының техникалық жағдайын жақсарту және оларды тиімді басқару қажеттілігіне тоқталды. Қазіргі күні Сырдария өзенінен Сарыөзек көліне 3 м3/сек су түсуде.

Аудан басшысы сапар барысында жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмыс сапасын жақсарту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Тағы да оқыңыз: