Kyzylorda-news.kz Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Алдымен Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілхайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныш бөгетін нығайту, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесін реконструкциялау жұмыстарын көрді.

Жобаның мердігері – «УАД», техникалық қадағалаушысы – «ЗКА Проект», авторлық қадағалаушысы – «КБ МұнайГаз Инжиниринг» серіктестіктері. Төрт жолақты жолдың ұзындығы – 6,71 шақырым, ені – 14 метр.

Облыс әкімі басты талап жолдың сапалы салынуы, құрылыстың уақытылы аяқталуы екенін айтты. Жауапты сала басшылары жөндеу жұмыстарын үнемі тексеріп, кемшілікке жол бермеуі керек.

Айта кетейік, биыл Қызылорда облысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 44 млрд. 703 млн теңгеге 300 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті. Облыс орталығының негізгі көшелері - әуежайдан Бейбарыс сұлтан көшесіне дейінгі аралық, қалаға Шиеліден кіреберіс жол, Яссауи, Жаппасбай батыр магистральді көшелері, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы төрт жолақты болып кеңейтілді.

Қызылорда қаласында 4 млрд. 700 млн. теңгеге Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы, Арал, Жаңақорған аудандарында теміржол үстінен аспалы көпір құрылыстары жүруде.

Сонымен қатар жылдар бойы күн тәртібінен түспеген «Қызылорда-Жезқазған» автожолы Президенттің тікелей тапсырмасымен қайта жаңғыртылуда. Жоба құны – 108 млрд. 500 млн теңге. Қызылорда облысының аумағына тиесілі 216 шақырым жолдың 140 шақырымы аяқталды. Қалған бөлігі 2026 жылы ел игілігіне беріледі.

Мұнан бөлек, көпшілікті толғандырған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қызылорда қаласынан Ақтөбеге дейінгі аумағын төрт жолақтыға айналдыру мәселесі де Мемлекет басшысының тапсырмасымен шешімін табуда. Халықаралық дәліздің осы аумағын 1-санатқа ауыстыру бойынша «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы жоба-сметалық құжаттама әзірлеуде.

Жол құрылысы аймақ басшысының тікелей бақылауында.jpgЖол құрылысы аймақ басшысының тікелей бақылауында 3.jpgЖол құрылысы аймақ басшысының тікелей бақылауында 2.jpg

Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: