Kyzylorda-news.kz Бүгінде Қазалы ауданында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы ретте, аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес Әйтеке би кентіндегі Жанқожа Нұрмұхаммедұлы көшесінің бойында орналасқан Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің алдында жасанды жол кедергісі толықтай қайта жаңартылуда. Сонымен қатар, кенттегі М.Ғабдуллин және Желтоқсан көшесінің бойындағы №Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп жанына жаңа жасанды жол кедергілері орнатылды.
Аталған жұмыстардың басты мақсаты – мектеп, балабақша аумағына жақын учаскелерде көлік қозғалысының жылдамдығын төмендетіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Алдағы уақытта аудан орталығы мен елді мекендерде қосымша жасанды жол кедергілерін орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.
