Kyzylorda-news.kz Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жол көлік қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолдағы жол-көлік оқиғасын азайту мақсатында құрылған мобильді топ Тереңөзек кентіндегі тұрғындар көп шоғырланатын орындарды аралап, үнпарақтар таратты. Сонымен қатар, тұрғындарға жолда жүру ережелері мен жылдамдық режимін сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу және жол көлік қозғалысы қауіпсіздігіне баса мән беру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасын табады. Аудан тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіздің және өзге азаматтардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!

Тағы да оқыңыз: